Білім/ Ғылым

«Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар форумы өтті

Мектебімізде Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашокеевтің қатысуымен облыстық жастар форумы өткізілді. Форум барысында түрлі жобалар таныстырылып, “Әулиеата жастары” энциклопедиясының тұсауы кесілді. Форум жас таланттардың ғылыми жобаларымен таныстырылымнан басталды. Жас талапкерлердің үздік деп танылған 15 жобасы таныстырылды. Соның ішінде мектебіміздің оқушылары Қанат Тәжібай,Барысхан Қалдыбай, Амирхан Айдархан және Жангерей Бекбулат, Аймер Кошмамбетов жарыққа шыққан жобаларымен бөлісті. Жарыста […]

🌱EdGiving Alumni NIS: білім мен тәжірибені оқушылармен бөлісу үшін мектепке оралды

EdGiving Alumni NIS: білім мен тәжірибені оқушылармен бөлісу үшін мектепке оралды. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9-12 сынып оқушыларымен NIS түлектері және мұғалімдердің қатысуымен «SAMGAU» форумы өтті. Бүкіл еліміз бойынша 22 Назарбаев Зияткерлік мектептері ұясынан ұшқан түлектері үшін есіктерін айқара ашып қарсы алуда. Жиынға мектепті әр жылы тамамдаған түлектер қатысып, ұтқыр ойларымен бөлісті. […]

📌Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында өткізілетін информатикадан ХV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында өткізілетін информатикадан ХV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы. 11-12 желтоқсан аралығында Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында Қазақстан,Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің XV Еуразиялық олимпиадасы өтті. Олимпиада 3 мектеп оқушысы мен 1 жетекшіден тұратын командалық жарыс. Финалдық кезеңге 75 команда, оның ішінде НЗМ оқушыларымен 8 команда жолдама алды. Олимпиада нәтижесінде НЗМ қоржынына […]

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауда 30 жеңімпазға 3 млн теңгеден сыйақы табысталды. Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жастарға берілді. Бұл жолы конкурс жалпы 5 бағыт бойынша жүзеге асты. «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», және «Медиа» саласынан 1000 нан астам жоба авторы сайысқа қатысып ең үздік деген 30 […]

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды. Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және […]

Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group” Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті.

📍Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group”  Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті. Марапаттау рәсіміне Париж және Ницца қалаларына шақырту келді. 🔹Diploma laureate 1prix Saule AlbayТақырыбы: “Органикалық қалдықтарды құнарландыра отырып жануарлар жемін дайындау”.Жетекшісі: Култасова Сериккул Утеновна🔹Diploma laureate 1prix Aitzhan Abdiraim Тақырыбы: ” Талас өзенінің […]

Химик- зерттеушілердің жеңісі!

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық “Химик- зерттеуші” байқауынан жеңіспен оралды. Әр қатысушы жеке жоба әзірлеп, оны қазылар алқасының алдында презентация түрінде қорғады. Жалпы, мұндай байқау 7-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру. Қазақстан Республикасының ғылым […]

Балтық ғылыми-инженерлік байқауында 2-орын

Тараздағы NIS оқушысы Бағлан Жұбатқанов халықаралық Балтық ғылыми-инженерлік байқауында 2- орын қанжығалады. Бағлан байқауға жетекшілері Максим Рыбалкин мен Балжан Дүйсекеевамен бірлесіп, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаушы Робот» жобасын ұсынды. – Осы құрылғы арқылы біздің өңіріміз ғана емес, республикалық деңгейдегі экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Аталған жұмыстың өзектілігі сол робот тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үшін тиімді жіктеп, […]

Тараздық NIS-тің оқушылары IT Хакатонда жүлдегер атанды

Назарбаев Университеті ұйымдастырған дәстүрлі HackNU  хакатонының жүлдегерлерінің қатарына Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары кірді. Барша қазақстандық және шет елдік оқу орындарының студенттері мен оқушылары Google, BTS Digital, Facebook және Microsoft сынды ірі IT компаниялардың бизнес тапсырмаларын орындады. Тараздық Зияткерлік мектептің 12-ші және 10-шы сынып оқушылары Сұлтан Мұстафин, Азат Қажымұқан және Саяжан Онласын BTS Digital […]

Тараздық NIS зерттеушілері Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңіске жетті

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өрендерінің зерттеу жұмыстары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарды жеңіп алды. Байқаудың «Өлкетану» бағыты бойынша «Перспективалы туристік маршрут: Ботамойнақ-Тараз қалашығы» жұмысын ұсынған 12-сынып оқушылары Балнұр Ибраш пен Аружан Жақсылық күмістен медаль тақты. Зерттеуші қыздардың жұмысына мектептің тарих пәнінен сарапшы мұғалім Любовь Исатаева жетекшілік еткен. Қола медальді 12-сыныпта оқитын Абылай Сыдықов […]

«Зерде» байқауы: Аймер Кошмамбетов жеңімпаз атанды

1-7 сынып оқушыларының “Зерде” зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVІ республикалық конкурсында Тараз қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік  мектебінің  7-сынып оқушысы Аймер Кошмамбетов жеңіске жетті. Аймер байқауда өзінің «Arduino контроллеріне негізделген бақылауыштан күн ауа коллекторын жасау» атты зерттеу жұмысын сәтті қорғап күміс медальға ие болды. – Бізде шалғай ауылдар орталық жылу мен газ жүйесіне қосылмаған, олар әлі […]

NIS Тараз педагогтары халықаралық байқауда тоғыз медаль жеңіп алды

Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad ІІІ Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында тоғыз жүлделі орынға ие болды. Математика пәнінің мұғалімі Мөлдір Таштанбекова мен физика пәнінің мұғалімі Эльмира Кусбекова күміс медаль тақты; информатика пәні мұғалімдері Нұрманап Колоханов пен Аңсар Әкім, сондай-ақ математика мұғалімдері Асқар Урынбаев, Шыңғыс […]

Тараздағы NIS оқушысын Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті оқуға шақырды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Балнұр Ибраш Абу-Дабидегі (БАӘ) Нью-Йорк университетінің студенті атанғаны туралы ресми хаттан білді, ал грант көлемі бір оқу жылы үшін 77 000$ құрады. – Мектеп бітіргеннен кейін мен оқуымды Абу-Дабиде жалғастырып, химия мен биологияны тереңірек зерттейтін боламын. Университет менің осы ЖОО-дағы оқуымды, Әмірліктерде тұруымды және басқа да ілеспе шығыстарымды […]

Тараз қаласының NIS оқушылары жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары атанды

Кеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туған елге тағзым-2020» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында ұсынылған жобалар мен шығармашылық жұмыстардың желілік байқауы аяқталды. Қашықтық байқауында Туған өлкем – жұмақ мекен», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Ұлы Дала өркениеті – тарихи мұра», «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Селт еткізер, ерен ой», «Туған жер – тұғырым» номинациялары бойынша 200 жоба мен […]

Семейный проект ученика NIS города Тараза – номинант конкурса инженерного творчества ⠀

Машина Голдберга, созданная семейной командой ученика 11-класса NIS города Тараза Нурболата Рыскельдинова победила в номинации «Лучшая презентация» конкурса инженерного творчества Назарбаев Интеллектуальных школ.⠀ Согласно заданию конкурса командам необходимо было спроектировать механизм, который финальным действием нажимает на дозатор для антисептика. Тема задания актуальная и логичная в контексте пандемии – «Дезинфекция рук – залог здоровья». – Когда […]

Туған елге тағзым – 2020

Вчера прошла торжественная церемония открытия сетевого дистанционного конкурса проектов и творческих работ участников исследовательской краеведческой экспедиции «Туған елге тағзым». ⠀ ⠀Проект, который реализуется с 2012 года, впервые проходит в дистанционном режиме с рекордным количеством участников и проектов. Всего жюри предстоит рассмотреть более двухсот работ. В ближайшие дни юные исследователи Назарбаев Интеллектуальных школ представят на конкурс […]

NIS Тараз оқушылары – ТМД-ның үздік жас ғалымдары!

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ТМД ғылыми білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. 11-сынып оқушысы Нұркелді Ермекбай мен 12-сынып оқушысы Ардақ Әліпова 9 елден 1200 қатысушыны басып озып, халықаралық жобада жеңіске жетті. Бірінші орынға олардың «Жүйенің тепе-теңдігін сипаттауда Муавр формуласын қолдану» атты жобасы лайық деп танылды. […]

Тараз НЗМ оқушылары Инновациялық жобалар фестивалінде екі жүлделі орынға ие болды

Тараз НЗМ оқушылары Enactus Kazfest 2020 Инновациялық жобалар фестиваль-көрмесінде екі жүлделі орынға ие болды. Әлеуметтік-экономикалық номинация бойыншада 1-ші орынды Unifi жобасы алды. Unifi – бұл мектеп оқушыларына ең оңтайлы ЖОО таңдауда көмек беретін платформа. Жоба менеджері Іңкәр Ибрагим жоба туралы өз ойымен бөлісті: – Біз шетелдік жоғары оқу орындарына түсу процесін жеңілдететін өнім жасадық. Алдағы […]

Тараздық зияткерлер IELTS-тан жоғары нәтижелер көрсетті

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары халықаралық IELTS емтиханынан жақсы көрсеткіштерге ие болды. Тілдік тестілеуге жалпы саны 119 оқушы қатысып, олардың ішінде 8 түлек – 8,0 бал, 33 түлек – 7,5 бал, 34 өрен – 7,0 бал, 24 бітіруші – 6,5, 17-сі – 6,0 және 3 оқушы 5,5 ұпай жинаған. Орташа бал көрсеткіші өткен жылғымен […]

Тараздық Зияткерлік мектептің 17 оқушысы – әл-Фараби атындағы Халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 17 оқушысы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша әл-Фараби атындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Олимпиаданың бірінші орындарын Әлия Анарбаева мен Инабат Амантай иеленді. Екінші орынға Мерей Жақсылықова, Данабек Салиев, Нұрай Наршыбаева, Динара Сауытбек, Айқерім Нарбота, Қасымхан Қанатбек, Мейрамбек Санжар ие болды. Үшінші орынды Бекзат Тоқболат, Аңсар Әсілбек, Нұрай Қасымова, Азамат Дүйсет, Жанель […]

Тараздық NIS оқушылары өз өнертабысын дамытуға қаржыландыру жеңіп алды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Crepiks Academy»  командасы NURIS Cluster компаниясы ұсынған ABC Incubation xTCA бағдарламасының финалисті атанды. Жас стартаперлер өздерінің инновациялық өнімін дамытуға 500 000 теңге мөлшерінде қаржыландыру алды. 9 қазанда жас кәсіпкерлер байқауға қатысушы басқа 19 финалистпен қатар өз жобаларын таныстырды. Бұл Crepiks Academy-үш тілде бағдарламалауды үйрететін интерактивті платформа, сілтеме бойынша қол жетімді https://crepiks.com. […]

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушыларына 1 млн теңге сертификатын табыс етті

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев оқушылардың ғылыми жобаларының нәтижелерімен танысты. Өңір басшысына ұсынылған ғылыми-зерттеу жобаларының арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауына ие болған COVID-19 клиникалық симптомдарын бақылау жүйесі бар. Бердібек Сапарбаев өзекті жобаға жоғары баға беріп, оның авторлары, 12-сынып оқушылары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімәлікке бір […]

Тараз NIS оқушылары АХҚО олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қаржы және экономика бойынша АХҚО олимпиадасының жүлегерлері атанды. Олимпиаданың күміс медалін Арыстан Абдыхалық жеңіп алса, қола медальді Бауыржан Апил еншіледі. – Республикалық олимпиадаға қатысып, жақсы әсер алдым. Бізде аптасына бірнеше рет дәрістер, сонымен қатар әдебиет те өтті. Алған ұпайларымыз 80% финалдық емтиханнан және 20% аралық тесттерден тұрды, – дейді 11-сынып […]

Тараздық NIS командасы Enactus Kazakhstan байқауының ұлттық чемпионы

Тараз қаласының NIS командасы Enactus Kazakhstan Online National Expo 2020 шеңберінде өткізілген мектеп кәсіпкерлігінің I Республикалық чемпионатының жеңімпазы атанды. Қыркүйек айында жас стартаперлер Enactus әлем кубогында чемпион атағы үшін сайысқа түседі. Республикалық кезеңге команда екі бизнес жобасын ұсынды. Бірі  университеттерге түсу процесін жеңілдетуге арналған UnApp қосымшасы. Онда әрбір түлек өзіне қажетті барлық ақпаратты оңай таба […]

Тараз НЗМ оқушысы – Қазақстандағы алғашқы балалар смарт-білезігінің авторы

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Мөлдір Айжарық өзінің өнертабысына «Your friend» деген атау берді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені білезік баланың адал көмекшісі және досы. Ол импульсті, температураны, сондай-ақ баланың геолокациясын қадағалай алады және бұл туралы ата-анаға хабарлама жібереді. –  Мен  бұл бизнес-жобаны 11-сыныптан бастап Жусанбаева Әлия Мақтабекқызының жетекшілігімен экономика сабағында жасай бастадым.  Қоғамның проблемаларын […]

Тараздық NIS оқушысына Еуропаның үздік университеттерінің бірі грант ұсынды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Дана Құрманбек Еуропаның үздік ЖОО-ы саналатын Римдік Ла Сапиенца университетінің оқу грантына ие болды. Оқушы қыздың болашақ мамандығы халықаралық қатынастар және бизнес саласымен байланысты болмақ. – Менің кәсіпкерлікке деген қызығушылығым экономика сабағында пайда болды. Онда біз бизнес-жоспарлар құруды үйрендік. Сондай жобаларымның бірі – қаржылық қолдауға ие болған сүт сарысуын […]

Тараздағы NIS оқушысы әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орнына шақырту алды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дайана Бестерековаға әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орны Минерва университетінен (Minerva Schools at KGI) шақырту келді. Жыл сайын аталған университетке түсу мүмкіндігін құжат тапсырған талапкерлердің 1-2% ғана алады. Солардың бірі – Дайана. Енді зияткердің 4 жыл ішінде 7 мемлекетте білім алып, саяхаттауға мүмкіндігі бар. Атап  айтқанда, бірінші курсты Сан-Францискода […]

Тараздық NIS оқушысы Италияның әйгілі университетіне грант жеңіп алды

Тараздық NIS оқушысы Саяжан Жамеледенова Италияның ең әйгілі жоғарғы оқу орындарының бірі – Тор Вергатада оқу грантына ие болды. Мұнда оқушы қыз экономика мен халықаралық бизнестегі басқару бойынша білім алатын болады. Саяжанның экономист-менеджер мамандығын таңдауы бекер емес. Өйткені ол бала кезінен жеке бизнесін ашу мен өз брендін жасап шығаруды армандап келеді. – Мені бұл елдің […]

Тараз NIS оқушылары Бүкілресейлік ғылыми байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында

Тараз NIS жас зерттеушілері оқушы жастар арасында ұйымдастырылған «Қазіргі әлемдегі көркем мәдениет және білім беру» атты Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатарына енді. Байқауға 11-сынып оқушылары Мөлдір Баймахан и Абылай Сыдыков «Ботамойнақ жерінің петроглифтері негізінде қола дәуірінің тарихи-мәдени моделін қайта құру» зерттеу жұмысын ұсынып, 1 дәрежелі дипломант атанды. «2013-2017 жылдардағы археологиялық қазба материалдары […]

Болашаққа жолдама

Тараздық Зияткерлік мектептің 12 сынып оқушыларына алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан білім гранттарын тағайындау бойынша хаттар келіп түсуде. Бірінші болып өз шақыртуларын Ақнұр Қасым мен Нұртөре Амангелді алды. Назарбаев университеті оқушыларға Foundation дайындық бағдарламасынсыз тікелей бакалавриатқа толық грант ұсынды. Оқушылардың таңдауы НУ-нің Инженерия және сандық ғылымдар мектебіне түскен. – Назарбаев Университетіне түсуге […]

NIS Тараз оқушылары жалпыресейлік зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атанды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Кенешбекова мен Юлия Хан В.Вернадский атындағы жалпыресейлік жасөспірімдер зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атағына ие болды. Байқауда 12 сынып оқушысы Аружан «Жамбыл металл құрылымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС қалдықтарынан жасалған феррит кобальт негізіндегі магнитті ұнтақ өндірісі» атты зерттеу жұмысын ұсынды. – Менің жобам болашақта қатерлі ісікті емдеуде көмекші болатын феррит […]

Тараздық зияткер Аяулым Адилова: «Банан мен апельсин қалдығын қолдану арқылы аграрлық мәселелерді шешуге болады»

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Адилова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда. – Күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады. Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияынды химиялық заттар қолданылады. Оған балама […]

Ученик Интеллектуальной школы Тараза отличился своим математическим знанием на международном конкурсе

Досжан Темирбеков, ученик 12-го класса Назарбаев Интеллектуальной школы г.Тараз отличился своим математическим знанием на Международном конкурсе. Он успешно защитил свой проект на Международном конкурсе математических и механических исследований им. У. Джолдасбекова и получил диплом 3 степени. Досжан предложил новый математический метод расчета, полученный в результате его исследовательской работы. – Найденный метод расчета можно использовать для […]

Тараз НЗМ мұғалімдерінің ғылыми еңбектері Халықаралық педагогикалық оқуларында дәрежелі дипломдармен марапатталды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің ғылыми еңбектері ТарМПУ-де өткен Халықаралық педагогикалық оқуларында ерекше аталып өтіп, дәрежелі дипломдармен марапатталған. «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» тақырыбындағы педагогтар жиынына тараздық НЗМ-нен 11 мұғалім қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөліскен. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша бірінші орынды Закира Сейдуалиева, Галина Станишевская, […]

Тараздық НЗМ оқушыларының зерттеу жұмыстары Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда үздік деп танылды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының зерттеу жұмыстары Ресей астанасында өткен «Языкознание для всех» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда екі жүлделі орынға ие болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Языковой портрет представителей различных профессий» секциясының үздік жұмысы ретінде Исламбек Сариевтің жобасы танылды. Қазылар алқасының мүшелері оқушының жоғары дайындық деңгейін, кәсіби көзқарасы мен оның жұмысының жаңалығын атап өтті. […]

«Жас әл-Фараби» Республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  «Жас әл-Фараби» VII Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар байқауында Тараздағы НЗМ-нің 7 сынып оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Аяулым Серікбайдың «Нарша Қашағанов шығармаларындағы Абай Құнанбаевтың мораль философиясы» тақырыбында ұсынған ғылыми зерттеу жүмысы байқауда III дәрежелі дипломға лайық деп танылған. […]

Тараздық НЗМ оқушылары Республикалық ғылыми жобалар сайысында алтын және күміс медальдар жеңіп алды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық ғылыми жобалар байқауынан алтын және күміс медальдармен оралды. «Өлкетану» секциясы бойынша Бауыржан Апил мен Ерсұлтан Тұрсынның жобасы бірінші орын мен алтын медальға ие болды. Байқауға олар «Сандық-Қарақыстақ туристік маршрутының келешегі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын ұсынды. Үш жыл бойы оқушылар тарих мұғалім-сарапшысы Любовь Исатаева мен география пәні мұғалім-модераторы Жақсыбек Сүлейменқұловтың […]

Балтық ғылыми сайысынан кезекті жеңіспен оралды

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жобасы Санкт-Петербургтегі XVI Балтық ғылыми-инженерлік байқауының дипломы мен қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Байқауда 11 сынып оқушылары Маржан Сапарбекова мен Аружан Қалтай «Есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған сигналдарды тану және құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесі» жобасын қорғап III дәрежелі диплом мен ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды. Жоба әлеуметтік мәселені […]

Тараздық НЗМ оқушылары республикалық олимпиададан жеті медальмен оралды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жақында өткен  республикалық пәндік олимпиададан жеті медальмен оралды. Жеңіс тұғырынан Аида Чиналиева 1 орынмен (география), Мунира Турсунова 1 орынмен (қазақ тілі), Аружан Қалтай 3 орынмен (қазақ тілі), Сабина Сайдуллаева 3 орынмен (қазақ тілі), Тимур Амангелдиев 3 орынмен (математика), Инабат Амантай 3 орынмен (биология), Абзал Мадиев 3 орынмен (география) көзге түсті. […]

Тараз НЗМ оқушысы жазған ертегі негізінде анимациялық фильм түсіріледі

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Амина Нұрланбекқызының  «Бабочка, которая любила встречать рассветы» әдеби шығармасымен «Давай нарисуем сказку!» халықаралық байқауында 2-орынды иеленді. Байқау талабы бойынша Амина өзі жазған ертегіге иллюстрациялар салып, аяқталған жұмысын қазылар алқасының назарына ұсынуы қажет болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең үздік ертегіге спектакль қойылады. Ондағы басты ролдерді ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндер орындайды. […]

Мектептің бірден алты командасы «Тенгри-географ» жеңімпазы атанды

Жақында өткен жалпықазақстандық «Тенгри-географ» олимпиадасында Тараздағы Зияткерлік мектептің бірден алты командасы жүлделі орындарға ие болды. Пәндік байқаудың бас жүлдесін «Денали» командасы жеңіп алса, «Сақтар» командасы – 1  орынды,  «Көне Тараз»,  «Олимп», «Тарлан», «Эльбрус» командалары 2 орындарды иемденген. Мектеп намысын қорғаған жетінші топ «Материктер» «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталған. – Балалар олимпиада сұрақтарының қызықты әрі […]

Тараздық Зияткерлік мектеп оқушысы бизнесін жүзеге асырғанға екі миллион теңге жеңіп алды

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге ұтып алды. Оның бизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдады. – Біздің елге құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусиядан импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ қосымша шығындардан арылар едік. Құрғақ сарысу […]

Мектеп директоры желілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Бүгін Тараздағы Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов бір топ оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерін қабылдады. Олар жақында Алматы қаласында өткен Зияткерлік мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары. Тимур Сейтқажыұлы химия бағыты бойынша 1 орын алған Аружан Кенешбекованы, физика бағыты бойынша 2 орын иеленген Алижан Шолпанбековты,  өлкетану ғылымы бойынша 3 орыннан көрінген Бауыржан Апил мен […]

ТАРАЗДЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АНГЛИЯҒА САПАР ЖЕҢІП АЛДЫ

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауына қатысу арқылы жеңіп алды. Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдер мен идеяларын таныстырды. – Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін […]

ТАРАЗДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ АҚШ-қа АТТАНАДЫ

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Тұрсынбекова АҚШ-қа аттанады. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің «TechGirls 2019» бағдарламасына қатысып, Қазақстан бойынша жеңіске жеткен 6 финалисттің бірі атанды. Финалға өтпес бұрын Дильназ бірнеше кезеңдердің тапсырмаларын сүрінбестен орындаған. Олардың ішінде STEM саласын дамыту тақырыбында бірнеше эссе жазу мен АҚШ өкілдерімен онлайн жүздесу бар. Бағдарлама жеңімпаздары бір ай […]

TED-ED STUDENT TALKS ТАРАЗДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары TED-Ed Student Talks-тың белсенді қатысушылары атанды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нағима Сәрсенбаеваның жетекшілігімен мектептің 15 оқушысы бес ай бойы иллюстрация түріндегі кітаптар мен ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиеттерді оқыды, біршама социологиялық зерттеулер жүргізіп, TED стилінде сөз сөйлеу дағдыларын дамытты. Teach and Share жобасы аясында өткізілген TED-Ed Student Talks бағдарламасы туралы Нағима […]

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН IT ШЕШІМ

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Spark» командасы республиканың 60 командасы арасында үздік бестікке енді. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Диана Намазбаева, Қымбат Халымбетова, Әйгерім Дүйсет және Анелия Әбдімәліктен құралған «Spark» командасы «Technovation challenge» байқауына қатысқан 60 команда ішінен үздік бестікке енді. Олардың «Kindmind» атты мобильдік қосымшасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қыздар өздерінің IT […]

ЖЕЛІЛІК «КРЕАТИВ-ТАРТЫС» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің командасы «Креатив-тартыс» І командалық-зияткерлік ойынында бірінші орынға ие болды. 7 сынып оқушылары Ильяр Сеитов, Ратмир Сариев, Инкара Даулетова, Тимур Есемов және Абай Өмірзақтан құралған «Region_08» командасы «Креатив-тартыс» І командалық-зияткерлік ойынында бірінші орынды жеңіп алды. Онлайн-режимде өткен ойын 2 турдан тұрды. Ойыншыларға жалғыз дұрыс шешімі жоқ ашық тапсырмалар ұсынылған. Қатысушы команда міндетті […]

ТАҒЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жастар жылы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  өткен  «Үздік ғылыми жоба-2019» республикалық байқауында Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары топ жарды. Байқауда Жансая Байнабаева  «Ақын апологиясы немесе ақын Күләш Ахметованың шығармашылығындағы поэзияға құштарлық, парасатқа сүйіспеншілік мәселелері жөнінде» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, ғылыми додада «Қордай өңірінің радиоактивті ластанған жерлерін қайта қалпына […]

БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІ АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛІ ТАРАЗДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНДА

Мәскеудің Королев қаласында өткен «Созвездие-2019» Жалпыресейлік олимпиадасының екі алтын және қола медалі Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушыларына бұйырды. Балалар мен жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының Жиырмасыншы Бүкілресейлік «Созвездие-2019» олимпиадасының алтын медаль иегерлері Дарина Мұхамеджанова мен Диас Көшербай атанса, қола жүлдені Файми Зуфаров жеңіп алды. Сонымен қатар, аталған оқушылар республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының бірнеше дүркін […]

БҮКІЛРЕСЕЙЛІК БАЙҚАУДА ЖЕТІ ЖОБА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Тараздық Зияткерлік мектеп оқушыларының бірден жеті зерттеу жобасы Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы байқаудың жүлделі орындарын жеңіп алды. Байқаудың алғашқы турынан сәтті өткен 11 оқушы делегациясы екінші кезеңге қатысу үшін Мәскеуге аттанды. Байқаудың Сараптамалық кеңесі оқушылар жұмысын жоғары бағалап, 4  лауреат дипломы мен 3 бірінші дәрежелі дипломмен марапаттады. Оқушылар жоба тақырыптарын топырақтың құнарлылығын биологиялық-экологиялық […]

«INFOMATRIX–ASIA 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ИЕГЕРЛЕРІ

Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары «Infomatrix-Asia 2019» Халықаралық компьютерлік жобалар байқауының алтын және күміс медалін жеңіп алды. Байқауда Аймира Терлікбаева мен Ардақ Алипова компьютерлік графика және өнер категориясында сынға түсті. Шығармашылық ойлау қабілеттері мен техникалық дағдылары үшін ерекшеленген қыздарға жарыстың алтын және күміс медалі табысталды. Алтын медальмен қатар Аймира Терлікбаеваға еліміздің екі беделді жоғары оқу орындары […]

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН БІРІНШІ ОРЫН

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары Халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді. 12 сынып оқушылары Айдана Даниярқызы мен Азамат Сұлтанбайдың химия пәнінен «Золь-гель әдісімен алынған кадмий сульфид негізіндегі материалдардың қасиеттерін зерттеу және синтездеу» атты жұмысы «Химик-зерттеуші» Халықаралық ғылыми байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Айдана мен Азамат золь-гель әдісінің көмегімен жартылай өткізгіш наноматериалдарды алу мүмкіндігін зерделеп, […]

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КОРЕЯЛЫҚ GPS TRACKER-ДІ ЖЕТІЛДІРДІ

Оңтүстік Кореяның стартаперлері Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының жаңалығына қызығушылық танытып, оны жүзеге асырудағы шығындарды өз мойындарына алуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Оңтүстік Кореяның Lives’talk командасы жануарлардың жайылымдағы орнын бірнеше секунд ішінде анықтайтын заманауи құрылғы жасап шығарды. Осылайша, мамандар малды іздеуге 5-6 сағатқа жуық уақыт жұмсайтын қазақстандық фермерлердің мәселесін шешті. Алайда құрылғыны тестілеу кезінде оның автономды […]

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚУ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Нұртөре Амангелді Қазақ ұлттық университетінде оқуға толық грант ұтып алды. Еліміздің үздік жоғары оқу орындарының бірінде білім алуға грант және 3 дәрежелі диплом Нұртөреге Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасына қатысу нәтижесінде бұйырды. Олимпиада дайындығына барлық пәндер ішінен ол информатиканы таңдаған. Ақтық турдың теориялық және […]

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Шарапат Айдарова Республикалық олимпиададан жүлделі оралды. Шарапат 2019 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қызылордада өткен Республикалық пәндік олимпиаданың қазақ тілінен сынға түскен болатын. Олимпиаданың екі туры – эссе жазу және ауызша сынақтан сүрінбей өткен оқушы ІІІ орынды еншіледі. Олимпиадаға республиканың барлық аймағынан 700-ге жуық оқушы қатысты. – Шарапат – […]

«Discover Kazakhstan» эссе байқауының жеңімпазы атанды

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Алижан Шолпанбеков «Discover Kazakhstan» жыл сайынғы эссе байқауының жеңімпазы атанды. Алижан эссесін «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы жастардың рөлі» тақырыбына арнаған. – Ол өте көп ізденді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп, Қазақстанның әлеуметтік даму бағдарламаларын мұқият зерттеді, – дейді ағылшын тілінің мұғалімі, Алижанның жетекшісі Нағима Сарсенбаева. Осы жылғы байқау Жастар […]

Ғылыми конференциядан жүлделі оралды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының VI Республикалық конференциясында 8 сынып оқушысы Аружан Жақсылық 1-орынды иеленді. «Волейбол ойынында «жеңіске жету алгоритмінің» математикалық есептеулері» жобасын қорғаған Аружан конференцияда да жеңіске жетіп, жүлдемен оралды. Аружанға ғылыми бағыт-бағдар беріп, жетекшілік еткен Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Қанат Қаражігітова.

Мектеп қоржынында «Spelling Bee» байқауының бас жүлдесі

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Англияға жолдама жеңіп алды. Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 10-сынып оқушысы Сергей Ким – Education First (EF) білім беру компаниясы ұйымдастырған «Spelling Bee» академиялық жобасының бас жүлде иегері. Сергей Англияның оңтүстігінде орналасқан Истборн қаласында екі апталық EF тілдік курстарына қатысады. Жоба «Тілдердің үштұғырлығы» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өткізілді. Оған 19 Зияткерлік […]

Эссе байқауынан бас жүлде

Тараз қаласының Зияткерлік мектеп оқушысы бас жүлдені жеңіп алды. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Тоғжан Исмаил «Великолепная картина» Республикалық эссе байқауының жеңімпазы атанды. Жыл сайынғы байқаудың ұйымдастырушысы – «Дарабоз» оқу орталығы. Орталық басшысы Сабыржан Тоғызбаев өз алғыс хатында Тоғжанның жетекшісі, орыс тілі мұғалімі Ләззат Сапралиеваға жеңімпазды дайындаған еңбегі үшін алғысын білдірді.

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебіне 3 жүлделі орын бұйырды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының бірден 3 жобасы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары қатарынан табылды. Файми Зуфаров, Мөлдір Баймахан, Абылай Сыдықов, Ақтоты Бостан және Мира Мирзабаева – Қазақстан Республикасы оқушылары арасындағы жыл сайынғы өтетін ең беделді байқау жүлдегерлерінің есімдері. Ғылыми сайысқа оқушылар қоршаған ортаны қорғау және өлкетану бағыттары бойынша […]

«Aurum» командасы – JRC-2019 жеңімпазы

Тараздадық Зияткерлік мектептің «Aurum» робототехника командасы JRC-2019 робототехника бойынша республикалық конкурстың жүлдегері атанды. Абзал Серікбай мен Алмат Ыбрай JRC-2019 робот құрастырудан республикалық жарыстың Lego labyrinth бағыты бойынша 2-орынды иеленді. Оқушылардың жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Богдан Еркебек. Байқау Жамбыл Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің базасында 13-23 жастағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өтті. Байқау […]

І Республикалық «Ғылым және тағылым» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Ғылыми ізденістері мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды зерттеумен айналысқандары үшін Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары жеңімпаздар қатарынан көрінді. «Туған жерге тағзым» кіші бағдарламасы аясында өткен І Республикалық «Ғылым және тағылым» ғылыми жобалар байқауында                                                          9 сынып оқушысы Қадырхан Рысқалы,  10 сынып оқушылары Асель Кенжебай мен Малика Теміртаева 3-орындарға ие болды.          Жобалар байқауына республикамыздың әр аймағындағы білім ордаларынан […]

XV Балтық ғылыми-инженерлік байқауында жеңіске жетті

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Биология» және «Экология» секциялары бойынша XV Балтық ғылыми-инженерлік зерттеулер байқауы қазылар алқасының дипломдары мен арнайы наградаларын иеленді. Дамир Усибалиев, Дарина Лысакова және Дарина Мухамеджанованың жобалары III дәрежелі дипломдармен және конкурстың ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, Дарина Мухамеджанова, Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек мұғалімдер мен бизнес-қазылар алқасы сыйлығының […]

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасынан 10 жүлде

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жалпы білім беру пәндері бойынша Зияткерлік мектептер арасындағы желілік байқауда 10 жүлдеге ие болды. Олимпиада қатысушылары облыстың 30 жеңімпазы: Шарапат Айдарова, Дарина Мухамеджанова, Тимур Амангельдиев, Касымжомарт Пернебек, Алихан Калмаханбет, Мухаммедали Туйтебаев, Нуржигит Аскаралиев, Абзал Мадиев, Аида Чиналиева, Саяжан Жамеледенова, Али Тусупов, Анель Сарсенбек, Акром Касымов, Бекжан Абдуллаев, Амиржан Бекбанов, […]

Оқушылар арасындағы республикалық үздік шығарма байқауы «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса»

2018 жылдың 4 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тұңғыш Президент Қоры және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК: «N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы; «Шапағат» өнертапқыштардың онлайн-байқауы; «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса» атты оқушылар арасындағы үздік шығарма онлайн-байқауларын ұйымдастырды. Аталған байқаулардың мақсаттары мен міндеттері оқушылар арасында зияткерлік меншік саласындағы білімді […]

Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінің қорытындысы

2018 жылдың 21-23 қазан аралығында Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі өтті. Мектептің жас зерттеушілері 6 секция бойынша 7 жобаны ұсынды: техника, информатика, химия, қоршаған ортаны қорғау, тарих және өлкетану. Желілік байқаудың қорытындысы бойынша 3 жоба жүлделі орынға ие болды: – II […]

SAT тестінен тамаша нәтиже

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биылғы оқу жылы жақсы жаңалықтан басталды. Жазда өткен SAT пәндік тестін математика және физикадан тапсырған Ермахан Мағзым 800 сұрақтың 800-не дұрыс жауап беріп ең жоғарғы нәтиже көрсетті. – SAT тестін физика, математика пәндерінен білімімді тексеру үшін тапсырдым. Әзірге жоғарғы оқу орнын таңдап үлгермедім. Алайда, болашақ мамандығымды инженерия саласымен байланыстырғым келеді, – […]

Француздық ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс

Мектебіміздің қоржыны тағы бір жүлделі орынмен толықты. Француздық ғылым, мәдениет және өнер академиясы «Euro Media Star Group» ұйымдастыруымен сәуір айының 25 күні «The big progress»  атты қашықтықтан Халықаралық балалар жобалары байқауы өтті. Экология мәселесін қарастырып, «Spirogyra балдыры арқылы шайынды суларды тазарту» жобасымен 10 сынып оқушысы Айжарық Мөлдір Жомартқызы II дәрежелі лауреат атанды. Мөлдір Комитеттің шешімімен […]

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

Жақында «Білім – Образование – Еducation» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен ғылыми мақалалар мен жобалар сайысында оқушыларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сайыс «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруды көздеп, түрлі білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларын ынталандыруға бағытталды. География пәні мұғалімі Сулейменкулов Ж.Д. жетекшілігімен келесі шығармашылық ұжымдар жүлделі орындарғды иеленді: 3 дәрежелі […]

«Константа» қашықтық халықаралық зияткерлік байқауы жеңімпаздары

География пәні бойынша элективті курсқа қатысушы оқушылар соңғы оқу жылдары әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда, сайыстарда табыстарға қол жеткізіп жүр. Жақында 7-10 сынып оқушылары «Константа» қашықтық халықаралық зияткерлік байқауы нәтижесінде  командалық І, ІІ орындарға ие болса, «Көне Тараз» тобы Бас жүлдені  жеңіп алды. Жеңімпаз командалар: Бас жүлде – «Көне Тараз», 9-10 сынып оқушылары, жетекшісі Сүлейменқұлов Ж. Д.; […]

Мектеп командасы «Technovation challenge-2018» әлемдік жартылай финалына жолдама алды

20 мамыр күні, Алматы қаласында «Technovation challenge-2018» Халықаралық IT-байқауының өңірлік кезеңі өтті. Өздерінің мобильді қосымшаларын Алматы, Тараз, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген 14 пен 18 жас аралығындағы қыз балалардан құралған 32 команда ұсынды. Тараз қаласы атынан физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 командасы қатысып, жүлдемен оралды. «OYLA» және «Veni.Vidi.Vici.» командалары  бағалы сыйлықтарға ие болса, «Mediswift» […]

Ғылыми-зерттеу жобаларының Жалпыресейлік Олимпиадасының қорытындысы

Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Еламан Сұлтан балалар және жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының “Адам – Жер – Ғарыш” (“Созвездие”) ХІХ Жалпыресейлік Олимпиадасына қатысып, “Ғарыштық зертхана” номинациясы бойынша екінші орынға ие болды. Сұлтан көп реттік пайдалануға арналған екі ракетопланы бар ауыр жүк көтергіш зымырантасығыштың симметриялы конструкциясын құрастырды. Сондай-ақ, ол жанармайды үнемдеуге, […]

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімдердің жетекшілігімен жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XVIII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясына қатысып қайтты. Конференция аясында секциялық отырыстар өткізіліп, әр түрлі саладағы ғылым мәселелері қарастырылды. Ғылыми шара қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар, жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің жас ғалымдары келесі […]

Тағы да жеңіс!

Cәуірдің 8 мен 13 аралығында Мәскеу қаласында В. И. Вернадский атындағы Халықаралық жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстары байқауы өтті. Биология пәні сарапшы-мұғалімі И. В. Аксенованың жетекшілігімен Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 оқушысы қатысып, “Жер туралы ғылым”, “Су айдындары туралы ғылым”, “Агробиология, агрохимия, өсімдіктерді қорғау”, “Табиғатты және қоршаған ортаны қорғау”, “Фармокология, биотехнология және азық-түлік химиясы” секциялары […]

Infomatrix–Asia 2018 байқауынан қола медаль

Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ержанова Адель Infomatrix–Asia 2018 байқауында қола медаль жеңіп алды. Адель қазылар алқасына компьютерлік графика және өнер санаты бойынша “Біздің жер” деп аталатын жобасын ұсынды. Жоба Жер ғаламшарының эволюциясы мен оның даму кезеңдеріндегі адамзат рөлін көрсетеді. Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастырумен алтыншы рет өткізіліп отырған байқау 15 елден келген 450-ден астам […]

Әдеби викторина қорытындысы

Жақында бүкіләлемдік жазушы күніне орай өткен Халықаралық әдеби викторинаға 150-ден астам оқушы қатысты. Жарыс барысында қатысушылар классикалық орыс және шетел шығармаларына қатысты тапсырмалар орындап, жазушылар биографиясына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әдеби шараға Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 5 оқушы қатысып, байқау қорытындысы бойынша келесі 8 сынып оқушылары жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды: Ибрагимова Тамила – I […]

Әңгімелер байқауының жеңімпазы

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Қайратқызы Назым әңгімелер байқауында жеңімпаз атанды.  Байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам оқушының басын қосты. Әңгімелер конкурсы Шарль де Голль – Мирас Француз мектебінің ұйымдастыруымен өтіп, француз, орыс немесе қазақ тілдеріндегі жазбаша шығармашылықты дамыту жобасы аясында түрлі ұлттағы қазақстандық оқушыларды бір ортаға біріктіруге бағытталған. Шығармашылық сайыстың […]

Жас химиктердің жетістіктері

  7-8 сәуірде Астана қаласында орта мектептер, гимназия мен лицей оқушылары арасында химия пәнінен үздік ғылыми жоба “Химик-зерттеуші” I Халықаралық байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің оқушылары І және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болған 2 жобалық жұмыс ұсынды. 10-сынып оқушылары Халмухамедова Юлдуз бен Кенешбекова Аружанның зерттеу жұмысы металл өндірісі қалдықтарынан магниттік ұнтақ алуға бағытталған. – Бұл магниттік […]

Робототехника және мехатроникадан қалалық байқау өтті

М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде робототехника және мехатроникадан қалалық байқау ұйымдастырылды. Шараға қаламыздың орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 45-тен астам оқушылары мен студенттері қатысты. Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 6 инженерлік жоба ұсынып, оның ішінде Сейфулин Әдилхан мен Қажымұқан Азаттың Стационарлық роботтар номинациясы бойынша таныстырған роботтары ІІ дәрежелі дипломды иеленді. […]

Тағы да жеңімпаздар қатарында

Жақында Жамбыл облысында роботтар құрастырудан мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында байқау өтті. Jameco Robotics Challenge деп аталған жарысқа әр ауданнан келген 30 команда қатысты. Тараз қаласы Зияткерлік мектебі атынан барлығы 7 команда сайысқа түсіп, оның 5-і жүлделі I, II  және III орындарды жеңіп алды. Оқушыларымыздың құрастырған роботтары 4 кезең бойынша сыналып, нәтижесінде үздік роботтар […]

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Байқауға Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік (облыстық) кезеңінде жүлделі орындарға ие болған  8 жобалық жұмыс қатысты. Ғылыми жобалар байқауында келесі оқушылар  жақсы нәтиже көрсетті: Мыңжанқызы Еңлік (10-сынып) – II дәрежелі диплом, күміс медаль, […]

НЗМ желілік олимпиадасының қорытындысы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасына 600-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиаданың үшінші кезеңі бір мезгілде Астана мен Алматы қалаларында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өтті. Желілік олимпиада қорытындысына сай, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы – Шалбаев Әли, Түйтебаев Мұхаммедали, Мыңжанқызы Еңлік, Қалмаханбет Алихан, Амангельдиев Тимур II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға олимпиадаға […]

Халықаралық олимпиададағы жетістік

2017 жылғы  29 қазан мен 5 қараша аралығында Түркияның Анталия қаласында мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында ІХ-ші Халықаралық Олимпиадасы өтті. Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 В сынып оқушысы Теміртаева Малика Халықаралық олимпиадаға ағылшын тілінен қатысып, 8-сынып оқушылары арасында күміс медаль иегері атанды. Малика олимпиадаға ағылшын тілі мұғалімі Жадыра Айтенованың жетекшілігімен дайындалды. Түркияға бірге […]

Республиканский конкурс научных проектов.

С 14 по 17 февраля 2017 года на базе оздоровительного комплекса «Алатау» в городе Алматы прошел Республиканский конкурс научных проектов. В конкурсе приняли участие 717 учащихся со всех уголков Казахстана.  Конкурс научных проектов проводился по 4 направлениям: математическое моделирование экономических и социальных процессов (секции: математика, прикладная математика, экономика, информатика); научно-технический прогресс как ключевое звено экономического [...]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку