Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының бірден 3 жобасы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары қатарынан табылды.
Файми Зуфаров, Мөлдір Баймахан, Абылай Сыдықов, Ақтоты Бостан және Мира Мирзабаева – Қазақстан Республикасы оқушылары арасындағы жыл сайынғы өтетін ең беделді байқау жүлдегерлерінің есімдері.
Ғылыми сайысқа оқушылар қоршаған ортаны қорғау және өлкетану бағыттары бойынша жобаларын ұсынды. Олардың ішінде В. Вернадский атындағы Бүкілресейлік жасөспірімдер зерттеу жұмыстарының байқауы, Балтық ғылыми-инженерлік байқауы сияқты халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары да бар.
Олардың бірі 11-сынып оқушысы Файми Зуфаров, ол қазылар алқасының назарына ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттырудың жаңа әдісін ұсынып, 2-орынға ие болды.
Мен құрдастарыма тек бір нәрсе айта аламын. Жетістікке жету жолында ешқашан тоқтап қалмаңыздар. Дамыңыздар, жобамен айналысыңыздар, – деп өз кеңесімен бөлісті Файми.
Бүгін салтанатты жиында барлық мектеп қауымдастығының қатысуымен байқау жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Инна Аксенова мен Любовь Исатаеваға құрмет көрсетілді.
Мира Мирзабаева мен Ақтоты Бостан, 1-орын иегерлері:
– Жобалармен айналыса отырып, өзіңнің жаңа қырларыңды ашасың. Ең қызықты сәттер жұмыс барысында болды. Ал бүгінгі марапаттау – біздің еңбегіміздің жемісті қорытындысы деп білеміз.
Бос уақыттарын Жамбыл облысында орналасқан петроглифтерді зерттеуге арнайтын және Ботамойнақ тауына көп күндік экспедицияларға жиі шығатын балалардың бірі Мөлдір мен Абылай. Олар өз сөзінде былай деді:
– Біздің жетекшіміз Любовь Жантайқызы айтқандай, бастысы орын емес, зерттеу жұмыстарымен айналыса отырып, өз-өзімізді дамыта алуымыз маңызды. Мен, мысалы, зерттеулермен айналысқалы мүлдем басқа адамға айналдым. Менің қазіргі нұсқам маған қатты ұнайды.
Сондай-ақ, байқау өткен «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Абылай Сыдықов пен Файми Зуфаровқа алғыс хат табыс етті. Белгілі болғандай, балалар байқауға уақытынан бұрын келіп, ұйымдастырушыларға волонтерлік көмек көрсетіпті. Атап айтқанда, байқауға қатысушылар үшін орын сілтеуші гид қызметін атқарыпты.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.