Тараз НЗМ оқушысы – Қазақстандағы алғашқы балалар смарт-білезігінің авторы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.08.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Мөлдір Айжарық өзінің өнертабысына «Your friend» деген атау берді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені білезік баланың адал көмекшісі және досы. Ол импульсті, температураны, сондай-ақ баланың геолокациясын қадағалай алады және бұл туралы ата-анаға хабарлама жібереді.

–  Мен  бұл бизнес-жобаны 11-сыныптан бастап Жусанбаева Әлия Мақтабекқызының жетекшілігімен экономика сабағында жасай бастадым.  Қоғамның проблемаларын зерттей отырып, көптеген ата-аналар баласының денсаулығына жеткілікті уақыт бөле алмайтындығын байқадым, өйткені олар көп уақытын жұмыста өткізеді. Балалар қызба салдарынан қайтыс болған жағдайлар болды, өйткені ересектер олардың жағдайын байқамай қалады. Осыдан баланың денсаулығын бақылайтын және ата-анасына мәлімет жібере алатын смарт-білезік жасау идеясы пайда болды, – дейді Мөлдір.

Мөлдір Айжарық ZhasCamp Accelerator әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының түлегі. Осы бағдарламаның арқасында оқушы қыз өзіне тәлімгер тапты: ол қазақстандық ғалым және Technologies Lab бас директоры Тимур Рыспеков болды. Ментордың жетекшілігімен Мөлдір код жазып, құрылғының жұмыс прототипін жасап шықты.

Алайда, жақында Apple дәл осындай мүмкіндіктері бар ақылды сағаттардың жаңартылған нұсқасын ұсынды. Содан кейін команда өз алдына өнімді бәсекеге қабілетті ету міндетін қойды. Олар білезікке газдың ағып кетуіне жауап беретін сенсор мен көру қабілеті нашар балаларға арналған заттар сенсорын қосты. Сондай-ақ, Мөлдір ойлап тапқан құрылғы пайдаланушы сенсорларды өз қажеттілігіне сай ауыстыра алатындығымен ерекшеленеді. Әзірге тек өндіріс пен жобаны одан әрі дамыту үшін инвестициялар тарту ғана қалады.

Жоба 3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға арналған. Автордың айтуынша, олар осы жаста осал және көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалады. Енді Мөлдір мақсатты аудиторияны кеңейтуді жоспарлап отыр: мүмкіндігі шектеулі жандар мен құтқарушыларды қамту.

Қазір жас өнертапқыш бизнес-жоспар бойынша белсенді жұмыс істеуде, ал университетке түскеннен кейін әртүрлі мамандық студенттерінен жобалық топ құрғысы келеді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку