Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Тұрсынбекова АҚШ-қа аттанады. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің «TechGirls 2019» бағдарламасына қатысып, Қазақстан бойынша жеңіске жеткен 6 финалисттің бірі атанды.
Финалға өтпес бұрын Дильназ бірнеше кезеңдердің тапсырмаларын сүрінбестен орындаған. Олардың ішінде STEM саласын дамыту тақырыбында бірнеше эссе жазу мен АҚШ өкілдерімен онлайн жүздесу бар.
Бағдарлама жеңімпаздары бір ай бойы әлемнің белді оқу ордалары саналатын Тринити Вашингтон және Вирджиния Политехникалық университеттерінде Python бағдарламалау тілінде жұмыс жасап, киберқауіпсіздік бойынша дәріс алады.
Дильназ қатарластарымен бірге Колумбия округіндегі ірі технологиялық компаниялар мен алдыңғы қатарлы емдеу клиникаларында қоғамға қызмет ету, мәдениетаралық ынтымақтастық, жоспарлау тақырыптарындағы семинарларға қатысады.
Айта кететін жайт, жобаға қатысушылар интерактивті лабораториялар жағдайында белгілі бір қоғамдық мәселені шешуге арналған жоба жоспарын құруы қажет. Ал Қазақстанға оралғаннан соң Дильназ аталған жобаны жетекшісі Нағима Сарсенбаевамен бірге жүзеге асыруды көздеп отыр.
– Мен бағдарламалау тілін үйреніп, болашақта сұранысқа ие маман болуды армандаймын. Адам өмірін жеңілдететін роботтар жасап, технологиялық жаңалықтар ашқым келеді. «TechGirls 2019» бағдарламасына қатысу – мен үшін жақсы мүмкіндік, – деді Дильназ Тұрсынбекова.
«TechGirls 2019» бағдарламасы 15-17 жас аралығындағы қыздардың практикалық дағдыларын дамыту арқылы ғылым және технология саласындағы ұмтылысын қолдайтын қарқынды төрт апталық бағдарлама. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдени бағдарламалар бюросының ұйымдастыруымен жыл сайын өтеді.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.