«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.12.2023
999
700

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауда 30 жеңімпазға 3 млн теңгеден сыйақы табысталды. Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жастарға берілді. Бұл жолы конкурс жалпы 5 бағыт бойынша жүзеге асты. «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», және «Медиа» саласынан 1000 нан астам жоба авторы сайысқа қатысып ең үздік деген 30 жоба іріктелді.

Белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұйымдастырылған конкурста мектебіміздің 11 «Д» сынып оқушысы Тәжіхан Қанат Алтынханұлы «Ақпараттық технологиялар» бағытында «Future Solar Power Plant – күн көзінен барынша энергия өндіру» жобасын жасап шығарып грант иегері атанды.

Future Solar Power Plant – күн панельдерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндірудің жаңа түрі. Арнайы жасалған қалқымалы құрылымның және автономды IT жүйесінің (ақылды күн трекері және күн панелін тазалау құрылғысы) көмегімен күн электр қуатының қуаты 95%-ға артты.Міне, осылайша жасыл энергетиканы дамыту қоршаған ортаға пайдасы тиеді, ресурстарды ысырап етпейді және БҰҰ-ның жетінші мақсаты – таза және арзан электр қуатына үлес қосады. Жасыл энергетиканы дамыту арқылы атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендетіп және климаттың өзгеруінің салдарын азайтады. Жаңартылатын энергия көздері қоршаған ортаны ластамайтындықтан, олар іс жүзінде сарқылмайды, ал қазба отындары ақырында таусылады. Жасыл энергияның қуатын арттыру арқылы кәдімгі энергияға тәуелділікті азайтады.

Қанат үшін бұл кезекті жеңісті жоба, ол көптеген ғылыми жобалардың авторы, бірнеше байқаудың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы.

Жоба жетекшілері Каскарбаев Е.О, Рыбалкин М.А және оқушымыз Тәжіхан Қ.А мектеп қауымдастығы атынан құттықтаймыз.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку