Тараздық NIS оқушылары өз өнертабысын дамытуға қаржыландыру жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
12.10.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Crepiks Academy»  командасы NURIS Cluster компаниясы ұсынған ABC Incubation xTCA бағдарламасының финалисті атанды. Жас стартаперлер өздерінің инновациялық өнімін дамытуға 500 000 теңге мөлшерінде қаржыландыру алды.

9 қазанда жас кәсіпкерлер байқауға қатысушы басқа 19 финалистпен қатар өз жобаларын таныстырды. Бұл Crepiks Academy-үш тілде бағдарламалауды үйрететін интерактивті платформа, сілтеме бойынша қол жетімді https://crepiks.com.

Байқауға тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де инновациялық жобалар ұсынылды. Жобалар негізінен келесі салаларды қамтыды: E-commerce, EdTech, FinTech, HR-Tech, AgriTech, индустрияға арналған IT/IoT-шешімдер және т.б. Бағдарлама демеушісі Shell LiveWIRE кәсіпкерлікті қолдаудың жаһандық бағдарламасы аясында ABC Incubation X TCA – «Шелл Қазақстан» компаниясы болды.

Айта кетейік, бұған дейін де Тараздағы NIS-тің жас кәсіпкерлер командасы Enactus National Expo 2020 мектеп кәсіпкерлігінің ұлттық байқауында жеңіске жеткен болатын.

– Біз үшін бұл жобаға салынған алғашқы инвестиция, алайда соңғы инвестиция емес деп үміттенеміз. Алдағы жылы біз Enactus National Expo 2021-де чемпион атағымызды қорғап, өнімімізді масштабтауды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз Crepiks Academy платформасын Қазақстанның жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің оқу процестеріне енгізу болып табылады, – деп мектептің 10-сынып оқушысы, сондай-ақ стартаптың бас директоры Азат Қажымұхан түсіндірді.

Мектеп командасының намысын Азат Қажымұқан, Ақбота Кеңесхан, Еркежан Мырзахан және Саяжан Оңласын қорғады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку