Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары TED-Ed Student Talks-тың белсенді қатысушылары атанды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нағима Сәрсенбаеваның жетекшілігімен мектептің 15 оқушысы бес ай бойы иллюстрация түріндегі кітаптар мен ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиеттерді оқыды, біршама социологиялық зерттеулер жүргізіп, TED стилінде сөз сөйлеу дағдыларын дамытты.
Teach and Share жобасы аясында өткізілген TED-Ed Student Talks бағдарламасы туралы Нағима Сәрсенбаева кездейсоқ білген. Қызығушылық танытып, байқауға қатысуға өтінім береді. Онда қатысушылар эссе арқылы өз мектебінде TED-Ed клубын басқару ниетін дәлелдеуі қажет болған. Нәтижесінде Нағима Кенжабекқызы Қазақстан бойынша конкурстық іріктеуге қатысқан 400 үміткер ішінен таңдалған 15 үздікке кірді.
Көп ұзамай оның басшылығымен мектепте TED-Ed клубы құрылды. Жоба бағдарламасына сәйкес, клуб мүшелері қазіргі жасөспірімдердің әлеуметтік мәселелері туралы комикстер оқып, оқығандарын талқылап, ағылшын тіліндегі ой-пікірлері мен кеңестерін бейнетаспалап, оны әлеуметтік желі арқылы қолжетімді етуі қажет болған.
Осылайша, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының бейнематериалдары TED-Ed платформасында қолжетімді болды. Аталған онлайн платформа жастардың өз құрдастарына күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге көмектесуіне арналған идеялар мен тәжірибелері алаңы болып табылады.
Бағдарламаны сәтті орындап, клуб мүшелері жоба ұйымдастырушылары – Алматыдағы АҚШ-тың Бас Консулдығының дипломдарымен марапатталды.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.