Назарбаев Университеті ұйымдастырған дәстүрлі HackNU хакатонының жүлдегерлерінің қатарына Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары кірді.
Барша қазақстандық және шет елдік оқу орындарының студенттері мен оқушылары Google, BTS Digital, Facebook және Microsoft сынды ірі IT компаниялардың бизнес тапсырмаларын орындады.
Тараздық Зияткерлік мектептің 12-ші және 10-шы сынып оқушылары Сұлтан Мұстафин, Азат Қажымұқан және Саяжан Онласын BTS Digital компаниясының Aitu платформасына арналған өз шешімдерін ұсынып, 3-орын мен 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
– Біз 36 сағаттық үздіксіз бағдарламалау нәтижесінде Aitu пайдаланушыларына арналған қолайлы қосымша жасап шықтық. Оны құрастыру кезінде қолданудың ыңғайлылығы мен дизайнына назар аудардық, оны компания өкілдері жеке атап өтті, – дейді Сұлтан Мұстафин.
Оқушылардың Aitu қосымшасымен біріктірілген және пайдаланушыларға тікелей хабар алмасуға мүмкіндік беретін мобильді әлеуметтік қосымшасы «Цедра» деп аталады.
– Бұл команданың барлық мүшелерінің тәжірибесіндегі алғашқы хакатон. Бізде жүлделі орынға ие боламыз деген сенім болған жоқ, алайда барлығымыздың ынта-жігеріміз бен жеңіске деген ұмтылысымыз еліміздің IT жоғары оқу орындарының студенттеріен қалыспай қосымша әзірлеуге мүмкіндік берді, – дейді команданың ең жас қатысушысы Азат Қажымұхан.
Қазіргі таңда жас стартаперлер өз қосымшасын одан әрі дамытуды және оны қазақстандық нарықта ілгерілетуді көздейді.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.