«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті.

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
08.12.2023
999
700

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды.

Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және ынталандыру болатын. Байқауға жалпы «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел» және «Жас өнертапқыш» номинацияларына 2022 жылы берілген өнертабыстарға жарамды патенттері бар Қазақстан Республикасының патент иелері қатысады. Ғылым саласы: өрт қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар.Сонымен қатар, өскелең ұрпақты инновациялық технологияларды дамытуға ынталандыру мақсатында «Жас талант» номинациясы бойынша жас ғалымдарға «Өнертапқыштық саласындағы инновациялық жобалары үшін» бес диплом берілді. Байқау аясында бақ сынасқан мектебіміздің оқушысы НЗМ Тараз Керимкулова Адия 10 сынып оқушысы ынталандыру дипломымен марапатталды.

Байқау барысында «Ecoinstal автоматтандырылған өнеркәсіптік газ жұтқышы жаһандық жылыну мәселесінің шешімі болып табылады. Бұл қондырғы автоматтандырылғандықтан және одан кейін қалдық қалмайтындықтан нарықта бұрыннан бар қондырғылардан айтарлықтай жоғары.Мен көп тәжірибе алдым және болашақта жобаны дамытамын»- дейді оқушымыз Адия К. Байқау ғылыми жобалар үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашты.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку