Тараз НЗМ оқушылары Enactus Kazfest 2020 Инновациялық жобалар фестиваль-көрмесінде екі жүлделі орынға ие болды.
Әлеуметтік-экономикалық номинация бойыншада 1-ші орынды Unifi жобасы алды. Unifi – бұл мектеп оқушыларына ең оңтайлы ЖОО таңдауда көмек беретін платформа. Жоба менеджері Іңкәр Ибрагим жоба туралы өз ойымен бөлісті:
– Біз шетелдік жоғары оқу орындарына түсу процесін жеңілдететін өнім жасадық. Алдағы екі айда зерттеуімізді бүкіл республика бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептеріне енгізуді жоспарлап отырмыз.
Таптырмас бағдардаманы әзірлеуге Лейла Жазықбай, Фатима Баймаханова, Сұлтан Мұстафин, Әнел Айтмұратова, Данияр Егеубай, Юлия Хан, Іңкәр Ибрагим, Ералы Бибосынов, Лаура Әлімқұлова, Еңлік Серпін, Саяжан Онласыннан құралған оқушылар командасы қатысқан.
Әлеуметтік-экономикалық номинацияда 3-ші орынға Crepiks Academy жобасы ие болды. Crepiks Academy – бұл crepiks.com. сайтында орналасқан, оқушыларға интерактивті түрде бағдарламалауды үйретуге арналған платформа.
– Біз веб-парақшалардың базалық беттеуіне арналған алғашқы курсты әзірлеуді аяқтап қалдық. Осыдан кейін бағдарламаның тиімділігін дәлелдеу үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінде апробациядан өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді жобаның маркетологы Ақбота Кеңесхан. Жобаны құрастыруға Азат Қажымұқан, Ақбота Кеңесхан, Еркежан Мырзахан, Ақжол Ермек, Исламбек Қадырбеков, Санжар Мейрамбек қатысқан.
Екі өнім де Enactus NIS Taraz аясында әзірленген және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының әлеуметтік кәсіпкерлігінің нәтижесі болып табылады. Енді Enactus NIS Taraz командасы өзінің чемпион атағын қорғау үшін сәуір айында өтетін Ұлттық кубокқа дайындалуда.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.