Тараз NIS оқушылары Бүкілресейлік ғылыми байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.05.2020
999
700

Тараз NIS жас зерттеушілері оқушы жастар арасында ұйымдастырылған «Қазіргі әлемдегі көркем мәдениет және білім беру» атты Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатарына енді.

Байқауға 11-сынып оқушылары Мөлдір Баймахан и Абылай Сыдыков «Ботамойнақ жерінің петроглифтері негізінде қола дәуірінің тарихи-мәдени моделін қайта құру» зерттеу жұмысын ұсынып, 1 дәрежелі дипломант атанды.

«2013-2017 жылдардағы археологиялық қазба материалдары бойынша ортағасырлық Таразды дамытудағы технологиялардың рөлі» жобасын сәтті қорғап шыққан 11-сынып оқушысы Балнұр Ибраш екінші орынды иеленді.

Үшінші орыннан «Түркілердің мәдени мұрасына апарар туристік соқпақ» атты жұмысымен топ жарған 11-сынып оқушылары Бауыржан Апил мен Ерсұлтан Тұрсын көрінді.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жеңісі күтпеген жайт болған жоқ. Өйткені, Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына дейін оқушылардың жобалары халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми байқауларда бірнеше рет жүлдегер атанып үлгерген.

– Аталған байқауға қатысу арқылы балалар жаңа деңгейге шықты. Олардың жұмыстары тарих тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени маңызы жағынан да бағаланып, ғылыми жұмыстар жинағына енді. Осылайша, ТМД кеңістігі қазақ халқының өткен мәдени мұрасымен таныс бола алады, – деген ойымен бөлісті Зияткерлік мектептің тарих пәні мұғалімі және ОҒҚ жетекшісі Любовь Исатаева.

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку