2018 жылдың 21-23 қазан аралығында Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі өтті.
Мектептің жас зерттеушілері 6 секция бойынша 7 жобаны ұсынды: техника, информатика, химия, қоршаған ортаны қорғау, тарих және өлкетану.
Желілік байқаудың қорытындысы бойынша 3 жоба жүлделі орынға ие болды:
– II дәрежелі диплом – Баймахан Мөлдір, Сыдыков Абылай “Ботамойнақ (Жамбыл облысы) жеріндегі петроглифтер негізінде қола дәуірінің тарихи-мәдени моделін қайта құру” жобасымен, жетекшісі – Исатаева Л. Ж., тарих пәні мұғалім-сарапшысы;
– III дәрежелі диплом – Зуфаров Файми, “Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық жерлері топырағының құнарлылығын биологиялық-экологиялық бағалау” жобасымен, жетекшісі – Аксенова И. В., биология пәні мұғалімі-сарапшысы;
– III дәрежелі диплом – Бостан Ақтоты, Мирзабаева Аружан “Тараз қалашығының археологиялық олжаларын интерпретациялау” жобасымен, жетекшісі – Исатаева Л. Ж., тарих мұғалімі-сарапшы.
Келесі оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңіне қатысушы сертификаттарымен марапатталды:
Желілік кезеңнің жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауына шақырылады.
Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз және келесі кезеңдерде табыс тілейміз!
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.