Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары Халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді.
12 сынып оқушылары Айдана Даниярқызы мен Азамат Сұлтанбайдың химия пәнінен «Золь-гель әдісімен алынған кадмий сульфид негізіндегі материалдардың қасиеттерін зерттеу және синтездеу» атты жұмысы «Химик-зерттеуші» Халықаралық ғылыми байқауында бірінші орынды жеңіп алды.
Айдана мен Азамат золь-гель әдісінің көмегімен жартылай өткізгіш наноматериалдарды алу мүмкіндігін зерделеп, оны отандық күн батареяларының элементтері ретінде пайдаланудың практикалық мүмкіндігін қарастырды. Олардың айтуынша, кадмий сульфидінің негізінде алынған материалдар аспап жасаудағы маңызды бастапқы құрылымдық элементтер болып табылады, сондай-ақ икемді және арзан күн элементтерін, лазерлік диодтарды жасау үшін де қолдануға болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 10 сынып оқушылары Юлдуз Халмухамедова мен Аружан Кенешбекова, сондай-ақ 12 сынып оқушылары Дамир Рахимов пен Аида Батырбаеваның ғылыми жобалары дәл осы байқаудың бірінші және үшінші дәрежелі дипломдарына ие болған.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.