Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық ғылыми жобалар байқауынан алтын және күміс медальдармен оралды.
«Өлкетану» секциясы бойынша Бауыржан Апил мен Ерсұлтан Тұрсынның жобасы бірінші орын мен алтын медальға ие болды. Байқауға олар «Сандық-Қарақыстақ туристік маршрутының келешегі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын ұсынды. Үш жыл бойы оқушылар тарих мұғалім-сарапшысы Любовь Исатаева мен география пәні мұғалім-модераторы Жақсыбек Сүлейменқұловтың жетекшілігімен аймақтың табиғи-географиялық ерекшеліктерін зерттеді, Сандық-Қарақыстақ туристік ресурстарына биологиялық-экологиялық, психологиялық-эстетикалық және мәдени-тарихи бағалау жүргізді. Нәтижесінде, Сандық үстірті мен Қарақыстақ жерінің тарихи және табиғи объектілері енгізілген туристік бағыт құрылды.
«Физика» секциясы бойынша екінші орынды Әлижан Шолпанбеков иеленді. Жобаның тақырыбы: «LoRa модуляция әдісі негізіндегі жануарлар мониторингінің автономды құрылғысы». Қазылар алқасының назарына ол ұялы байланыссыз жануардың орналасқан жерін бақылауға арналған желілік генераторды пайдалану мүмкіндігін көрсететін зерттеу нәтижелерін ұсынды.
– Құрылғының ерекшелігі оның желілік генератор арқылы зарядталып, жануарлардың орналасқан жерін 1 метрге дейінгі дәлдікпен желіге кірмей бақылай алуында. Мойынбау шешілген жағдайда смартфон иесіне SMS хабарлама келеді, – деп бөлісті Алижанның жетекешілері физика пәні мұғалім-модераторы Мирлан Джусамбаев пен физика пәнінің мұғалімі Қамбар Тәшенов.
«Химия» секциясы бойынша 2 орын мен күміс медальға Аружан Кенешбекованың ««Имсталькон» «Жамбыл металқұрылым зауыты» ЖШС қалдықтарынан феррит кобальт (II) негізінде магнит ұнтағын өндіру» атты жобасы ие болды. Аружан феррит кобальт (II) негізінде магниттік материалдарды өндірудің технологиялық картасын әзірледі. А. Кенешбекованың жұмысына химия пәні мұғалім-модераторы Станислав Котов пен химия пәні мұғалімі Ғазиза Жүсіпназарова жетекшілік етті.
Дарина Мухамеджанова «Биология» секциясы бойынша «Тұз күйзелісі жағдайында өсімдіктердің төзімділігін арттыру үшін сорбенттерді инновациялық пайдалану» тақырыбында жобасын қорғап, 2 орынға ие болды. Өзінің ғылыми жетекшісі биолгия пәні мұғалім-сарапшысы Инна Аксеновамен бірге Дарина Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өнеркәсіптік сорбенттерді зерттеп, сынақтан өткізді. Оның айтуынша, сорбенттерді пайдалану Оңтүстік Қазақстанның тұздалған және тасты жерлерін қалпына келтіруге ықпал етіп, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыруға жағдай жасайды екен.
– Балалардың жетістікке жетуі 2016 жылдан бастап мектепте қызмет атқаратын «STEAM» оқушылар ғылыми қоғамының (НОУ) жүйелі жұмысының нәтижесінде орын алды. Сондай-ақ күнделікті сабақта оқушылардың зерттеу және көшбасшылық қасиеттері мен сыни ойлау дағдыларын дамытатын барлық мұғалімдердің еңбегі. Сонымен қатар, оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі, – деді директордың орынбасары Әлия Жусанбаева.
Конкурстың қорытынды кезеңінде 751 жас зерттеуші 590 ғылыми жоба ұсынды. Жеңімпаздар қатарындағы елдің құрама командасы жыл сайынғы ISEF-2020 мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының халықаралық байқауында өз жұмыстарын ұсынады.
Қазылар алқасының құрамына жетекші отандық жоғары оқу орындарының: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтары кірді.
ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын алуға арналған конкурста басым құқығы барын да айта кеткен жөн.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.