Infomatrix–Asia 2018 байқауынан қола медаль

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
17.04.2018
999
700

Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ержанова Адель Infomatrix–Asia 2018 байқауында қола медаль жеңіп алды. Адель қазылар алқасына компьютерлік графика және өнер санаты бойынша “Біздің жер” деп аталатын жобасын ұсынды. Жоба Жер ғаламшарының эволюциясы мен оның даму кезеңдеріндегі адамзат рөлін көрсетеді.

Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастырумен алтыншы рет өткізіліп отырған байқау 15 елден келген 450-ден астам оқушының басын қосты. Жарыс жеті номинация бойынша өтті: робототехника, программалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйелері (hardware), қысқа метражды фильм, дрондар жарысы (drone racing) және математикалық жобалар.

Адельдің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, жарыс кезінде жетекшілік еткен информатика пәні мұғалімі Аңсар Әкімнің рөлін ерекше атап өткен жөн.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку