Тараз НЗМ оқушысы жазған ертегі негізінде анимациялық фильм түсіріледі

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.12.2019
999
700

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Амина Нұрланбекқызының  «Бабочка, которая любила встречать рассветы» әдеби шығармасымен «Давай нарисуем сказку!» халықаралық байқауында 2-орынды иеленді. Байқау талабы бойынша Амина өзі жазған ертегіге иллюстрациялар салып, аяқталған жұмысын қазылар алқасының назарына ұсынуы қажет болған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең үздік ертегіге спектакль қойылады. Ондағы басты ролдерді ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндер орындайды. Ал Амина жазған ертегінің желісі бойынша шағын анимациялық фильм түсіріледі. Сондай-ақ, оның жұмысы сирек кездесетін және ауыр аурулармен ауыратын балаларды қолдау үшін жазылған ертегілер жинағына енеді.

«Давай нарисуем сказку!» халықаралық балалар байқауы биыл үшінші рет шет елдерден келген балаларды қамти отырып, өз шекарасын кеңейтуде. Байқаудың мақсаты – дені сау балалар мен әлеуметтік өмір белсенділігі шектелген, түрлі ауруларға шалдыққан балаларды араластыра отырып өзара эмпатияға тәрбиелеу.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку