Тараздық зияткер Аяулым Адилова: «Банан мен апельсин қалдығын қолдану арқылы аграрлық мәселелерді шешуге болады»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.03.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Адилова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда.

– Күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады. Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияынды химиялық заттар қолданылады. Оған балама ретінде биологиялық тыңайтқыш – банан мен апельсин қалдығын қолдануды ұсынамын. Зерттеу жұмысымның барысында түрлі тәжірбиелер жасап, оң нәтижелерге қол жеткіздім, – дейді Аяулым.

Жас зерттеуші химия пәнінің мұғалімі Эльмира Акимованың жетекшілігімен тәжірибелер жасап, аталған органикалық қалдықтардың пайдалы элементтерге бай екендігін және шаруашылықтағы тиімділігін анықтаған.

– Аяулым сәуірде өтетін «Химик-зерттеуші» ІII Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысына шақырту алған. Еліміз пандемияны еңсеріп, карантин аяқталса, міндетті түрде жарысқа қатысамыз деп отырмыз. Қазір оқушым екеуміз күнделікті Skype арқылы кездесіп, жобаны дамыту үстіндеміз, – деп бөлісті ұстазы.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку