ТАҒЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.04.2019
999
700

Жастар жылы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  өткен  «Үздік ғылыми жоба-2019» республикалық байқауында Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары топ жарды.

Байқауда Жансая Байнабаева  «Ақын апологиясы немесе ақын Күләш Ахметованың шығармашылығындағы поэзияға құштарлық, парасатқа сүйіспеншілік мәселелері жөнінде» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап бас жүлдені иеленді.

Сонымен қатар, ғылыми додада «Қордай өңірінің радиоактивті ластанған жерлерін қайта қалпына келтіру жолдары мен проблемалары» зерттеу жұмысын ұсынған Айдана Еламан 2 орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз қыздардың бірін әдебиетке баулып, екіншісін қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешуге бағыттаған жетекшілері Амангүл Жанғазы мен Дина Алимжанова Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, оқушының дамуы мен өзінің кәсіби өсуін қатар ала жүретін Амангүл Бәкенқызы жақында өткен «Шағын жинақты мектеп жағдайында Lesson study-ді ұйымдастыру жолдары» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ерекше белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталған болатын. Конференция жұмысына Амангүл Жанғазы «Сабақ үдерісінде берілген ақпараттар арқылы оқушылардың академиялық тілде сөйлеу дағдысын дамыту» зерттеу жұмысын ұсынған.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку