Тараздық NIS оқушысына Еуропаның үздік университеттерінің бірі грант ұсынды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.06.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Дана Құрманбек Еуропаның үздік ЖОО-ы саналатын Римдік Ла Сапиенца университетінің оқу грантына ие болды. Оқушы қыздың болашақ мамандығы халықаралық қатынастар және бизнес саласымен байланысты болмақ.

– Менің кәсіпкерлікке деген қызығушылығым экономика сабағында пайда болды. Онда біз бизнес-жоспарлар құруды үйрендік. Сондай жобаларымның бірі – қаржылық қолдауға ие болған сүт сарысуын қайта өңдеу арқылы тағамдық ұнтақ өндіру болатын. Жақын арада кішігірім цех ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді Дана.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы Тараздық NIS оқушысы құрғақ сарысу өндіру бойынша бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге көлемінде грант ұтып алған. Зияткердің бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдады.

Дананың айтуынша, ЖОО-на түсудің басты құпиясы мінсіз рәсімделген құжаттар пакетінде екен. Келер жылдың түлектеріне ол университетке өтінім жіберу кезінде барынша ықтиятты болу қажет деген кеңесін береді.

– Ең бастысы өз күшің мен мүмкіншіліктеріңе сену керек. Тек армандау ғана жеткіліксіз, сол арманға жету үшін нақты мақсаттар қоя білу маңызды. Дәл қазір біз үшін тек алға жылжитын кезеңдердің бірі, – деген пікрін қосты мектеп түлегі.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку