NIS Тараз оқушылары жалпыресейлік зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атанды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
15.04.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Кенешбекова мен Юлия Хан В.Вернадский атындағы жалпыресейлік жасөспірімдер зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атағына ие болды.

Байқауда 12 сынып оқушысы Аружан «Жамбыл металл құрылымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС қалдықтарынан жасалған феррит кобальт негізіндегі магнитті ұнтақ өндірісі» атты зерттеу жұмысын ұсынды.

– Менің жобам болашақта қатерлі ісікті емдеуде көмекші болатын феррит кобальт магнитті ұнтағын алу тәсілін зерттеуге арналған. Аталған технологияны Жамбыл облысының мүмкіндігі аясында жасауға болады. Жобаның басты ерекшелігі осында, – деді А.Кенешбекова. Оқушының тәлімгерлері химия пәні мұғалімдері Станислав Котов пен Ғазиза Жүсіпназарова.

10 сыныпта оқитын Юлия Хан «Өнер және әдебиет» бағыты бойынша «В.Т.Тихомированың проективті графикасы» жобалық жұмысы үшін байқаудың жоғары марапатына ие болды. Юлияның жұмысына мектептің өнер пәні мұғалімі Елена Пак жетекшілік еткен.

– Жұмысыма отандық суретшілердің шығармашылығы арқау болды. Қазақстанның өнер саласы мен 21 ғасыр абстракционизмінің жаңа бағыттары туралы көбірек білдім. Сондай-ақ, заманауи өнерге деген көзқарасым өзгерді, – деді жас суретші.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку