Тараздық Зияткерлік мектеп оқушыларының бірден жеті зерттеу жобасы Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы байқаудың жүлделі орындарын жеңіп алды.
Байқаудың алғашқы турынан сәтті өткен 11 оқушы делегациясы екінші кезеңге қатысу үшін Мәскеуге аттанды. Байқаудың Сараптамалық кеңесі оқушылар жұмысын жоғары бағалап, 4 лауреат дипломы мен 3 бірінші дәрежелі дипломмен марапаттады.
Оқушылар жоба тақырыптарын топырақтың құнарлылығын биологиялық-экологиялық зерттеу, облыстың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін арттыру, туризм саласындағы сервисті дамыту, сондай-ақ жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арнаған.
Жас зерттеушілердің ғылыми жетекшілері – Любовь Исатаева, Инна Аксенова, Насибахан Искакова және Ольга Белозерова байқау ұйымдастырушыларынан алғыс хаттар алды.
Ғылыми жарыста Аяна Кашкунова, Файми Зуфаров, Дарина Мухамеджанова және Камила Машанлоның жобалары лауреат атанса, Дамир Усибалиев, Дарина Лысакова, Ануар Сагымбек, Рифат Абашев, Аймерим Баймуратова, Камилла Файзрахман және Мажит Сланның жұмыстары бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Ресейдің жетекші ғалымдары зерттеулеріміз туралы құнды ұсыныстар мен пікірлер білдірді. Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдымызды жақсарттық. Жаңа достар мен ортақ пікірлестер таптық, – деді байқауда екінші рет жеңімпаз атанған Файми Зуфаров.
Қазақстан және шет елдерден, соның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан мемлекеттерінен математикадан 186, физикадан 69, информатикадан 37 мұғалім қатысқан дода да мектебіміздің мұғалімдері де бақ сынасты. Дәстүрлі байқау биыл 10–шы рет Алматы қаласында өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, басқа елдердің педагогтарымен өзара байланысын арттыру. Байқауға Тараз қаласы […]
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды. Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және […]
📍Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group” Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті. Марапаттау рәсіміне Париж және Ницца қалаларына шақырту келді. 🔹Diploma laureate 1prix Saule AlbayТақырыбы: “Органикалық қалдықтарды құнарландыра отырып жануарлар жемін дайындау”.Жетекшісі: Култасова Сериккул Утеновна🔹Diploma laureate 1prix Aitzhan Abdiraim Тақырыбы: ” Талас өзенінің […]
Мектебіміз Тараз қаласының әскери госпиталімен бірлесе отырып ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандумның мақсаты тараптар арасында шефтік жұмыс көрсету, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және өмір қауіпсіздік негіздеріне, алғашқы көмек көрсету әдістеріне оқыту, олардың кәсібилігін арттыру мақсатындағы ынтымақтастық болып табылады. Алдағы уақытта бірлесе отырып дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, практикалық сабақтар жүргізу жоспарға енгізілді. Ынтымақтастық аясында […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.