Туған елге тағзым

«Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция  – патриоттық жоба.

Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді.

Экспедицияға әр аймақтың 7, 8, 9, 10 сыныптарынан оқу барысында, шығармашылықта, спорттық шаралардағы жетістіктері үшін таңдалған оқушылар қатысады.

Экспедиция жұмысы толыққанды нәтижеге бағытталған. Экспедиция аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бойында зерттеп отырған аймақ туралы (оның өткені, бүгіні мен болашағы туралы) толық хабардар болу, зерттеу жүргізу, сұхбат алу, жинақталған материалды тәжірибеде қолдану үшін, сараптау, топтағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, физикалық және психологиялық төзімділік, өзіндік шешім қабылдау және әрекет ету секілді дағдылар қалыптасады.

Экспедиция аяқталғаннан кейін, алдағы оқу жылында өткізілетін экспедицияда зерттеу жүргізу үшін, жинақталған материалдар мектеп кітапханасына беріледі.

«Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетану экспедициясын өткізу дәстүрге айналды.

Аталған жоба туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку