Тараздық Зияткерлік мектептің 17 оқушысы – әл-Фараби атындағы Халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
11.11.2020
999
700

Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 17 оқушысы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша әл-Фараби атындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері атанды.

Олимпиаданың бірінші орындарын Әлия Анарбаева мен Инабат Амантай иеленді. Екінші орынға Мерей Жақсылықова, Данабек Салиев, Нұрай Наршыбаева, Динара Сауытбек, Айқерім Нарбота, Қасымхан Қанатбек, Мейрамбек Санжар ие болды. Үшінші орынды Бекзат Тоқболат, Аңсар Әсілбек, Нұрай Қасымова, Азамат Дүйсет, Жанель Серікова, Асылхан Смет, Арсен Анарбек жеңіп алды.

– Халықаралық олимпиада 10 сынып оқушылары үшін математика, физика, биология, химия және география пәндерінен өткізілді. Мектебімізден 23 оқушы қатысты. Оның ішінде бірінші орынды – 2 оқушы, екінші орынды – 8 оқушы, үшінші орынды – 7 оқушы иеленіп отыр. Бұл Олимпиадаға біз жыл сайын қатысамыз, оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді, – деді Тараздағы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Әлия Жусанбаева.

Халықаралық Олимпиаданы жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді. Биыл ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу құрметіне өткізілген олимпиадаға қатысушылар саны жылдағыдан жоғары болды. Республика бойынша 16517 оқушы қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку