Балтық ғылыми сайысынан кезекті жеңіспен оралды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.02.2020
999
700

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жобасы Санкт-Петербургтегі XVI Балтық ғылыми-инженерлік байқауының дипломы мен қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Байқауда 11 сынып оқушылары Маржан Сапарбекова мен Аружан Қалтай «Есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған сигналдарды тану және құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесі» жобасын қорғап III дәрежелі диплом мен ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды. Жоба әлеуметтік мәселені шешуге, атап айтқанда есту қабілеті бұзылған адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған.  Өнертабысты жетілдіруге оқушылардың жарты жылдан астам уақыты кеткен.

– Жүйе қауіпсіздік сигналдарын қабылдап, оларды смартфондағы қосымшада ең қысқа, жылдам тәсілмен өңдейді. Содан кейін білезік арқылы иесіне діріл түрінде хабарлама түседі. Алдағы уақытта оны қазылар алқасы мүшелерінің кеңестерін ескере отырып жетілдіргіміз келеді. Олар біздің жұмысымызға терең қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Жобаның барлық аспектілерін егжей-тегжейлі түсінуге тырысты, – дейді Маржан мен Аружан.

Байқау жобасының жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Балжан Дүйсекеева.

– Қазір олар жүйені дамыту бойынша жұмыс жасауда, ынталары жоғары. Ал Балтық ғылыми-инженерлік байқауы сияқты дәрежелі сайыстар оларға өздерінің ғылыми жетістіктерін сезінуге мүмкіндік береді. Олардың ғылыми шығармашылығын одан әрі қолдайтын боламыз, – деді Б. Дүйсекеева.

Халықаралық байқау финалында Ресейдің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Белоруссия, Украина, Қазақстан, Мордовия және Сербиядан келген 600-ге жуық жас ғалымдар өздерінің теориялық және тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.

Білікті ғылыми қазылар алқасының құрамына 400-ден астам маман кірді. Ресейлік сарапшыларға оқушылар робототехника, бағдарламалау, биология, химия, математика, физика, экология, жер туралы ғылым, техника және медицина саласындағы өз жаңалықтарын ұсынды.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку