Мектеп директоры желілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
26.10.2019
999
700

Бүгін Тараздағы Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов бір топ оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерін қабылдады. Олар жақында Алматы қаласында өткен Зияткерлік мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары.

Тимур Сейтқажыұлы химия бағыты бойынша 1 орын алған Аружан Кенешбекованы, физика бағыты бойынша 2 орын иеленген Алижан Шолпанбековты,  өлкетану ғылымы бойынша 3 орыннан көрінген Бауыржан Апил мен Ерсұлтан Тұрсынды, биологиядан жоба қорғап 3 орын алған Дарина Мухамеджанова және математика бойынша 3 орынды жеңіп алған Досжан Темірбековті құттықтады.

– Ұсынылған сегіз жобаның бесеуі жүлделі орындарға ие болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алдағы республикалық кезеңде бұдан да жоғары нәтижеге жетулеріңізді тілеймін. Ол үшін сіздерге жақсы дайындық қажет. Жетекшілеріңіздің де еңбегі зор. Барлықтарыңызға зор алғыс білдіремін, – деді мектеп директоры кездесуде.

Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңіне ел аймақтарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жиналған 200-ге жуық оқушы қатысқан. Зияткерлер жобаларын төрт негізігі бағытта қорғады: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағдарлар».

Төрешілер құрамында Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының 35 профессоры, Phd докторлары және оқытушылар болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку