Тараз NIS оқушылары АХҚО олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.09.2020
999
700
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қаржы және экономика бойынша АХҚО олимпиадасының жүлегерлері атанды. Олимпиаданың күміс медалін Арыстан Абдыхалық жеңіп алса, қола медальді Бауыржан Апил еншіледі.
– Республикалық олимпиадаға қатысып, жақсы әсер алдым. Бізде аптасына бірнеше рет дәрістер, сонымен қатар әдебиет те өтті. Алған ұпайларымыз 80% финалдық емтиханнан және 20% аралық тесттерден тұрды, – дейді 11-сынып оқушысы Арыстан Абдыхалық.
Сонымен қатар, еліміздегі үздік техникалық ЖОО саналатын Қазақстан-Британ техникалық университеті зияткерлерге оқуға 30% және 50% жеңілдіктер ұсынды.
Қатысушылардың жалпы саны 355 оқушыны құрады. Олимпиаданың бірінші кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 121 жоғары сынып оқушылары өтсе, екінші турға 39-ы қатысты.
– Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды: экономика және қаржы бойынша теориялық білім, математикалық және қаржылық сауаттылық бойынша білімдерін тексеру. Тапсырмаларлы шешу кезінде маған экономика сабағында алған білім мен дағдылар көмектесті. Олимпиада соңында барлық қатысушылар үшін басты тосынсый еліміздің үздік жоғары оқу орындарынан оқуға грант алу болды, – дейді Бауыржан Апил.
2018 жылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикаларын байланыстыра отырып, өңірлік бизнес және қаржы орталығы ретінде шешуші рөл атқарып келеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку