20 мамыр күні, Алматы қаласында «Technovation challenge-2018» Халықаралық IT-байқауының өңірлік кезеңі өтті. Өздерінің мобильді қосымшаларын Алматы, Тараз, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген 14 пен 18 жас аралығындағы қыз балалардан құралған 32 команда ұсынды. Тараз қаласы атынан физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 командасы қатысып, жүлдемен оралды.
«OYLA» және «Veni.Vidi.Vici.» командалары бағалы сыйлықтарға ие болса, «Mediswift» мобильдік қосымшасын таныстырған «Аndromeda» қыздар командасы 4 орынды жеңіп, нәтижесі маусым айының соңында белгілі болатын әлемдік жартылай финалға жолдама алды.
«Біздің қосымша созылмалы және рецидивті аурулары бар адамдар үшін өте пайдалы. Олар есінен танып қалған жағдайда айналасындағы адамдарды дауыстық нұсқаулар арқылы хабардар ете отырып, жедел-жәрдем келгенше алғашқы көмек ала алады. Бұл функция қосымшамен бірге берілетін білезіктің батырмасын басқан кезде іске қосылады», – дейді жас өнертапқыштар. Команда жетекшісі информатика пәні мұғалімі Дүйсекеева Б. М.
«Technovation challenge» байқауы 10 және 18 жас аралығындағы қыздардың IT және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық әлеуметтік бағдарлама. Бүкіл әлем бойынша дарынды оқушылар қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді көздейтін мобильдік қосымшалар әзірлейді. Халықаралық байқау финалистері Сан-Франциско қаласында өз қосымшаларын одан әрі жетілдіруге және коммерцияландыруға арналған ақшалай сыйлық үшін жарысқа түседі.
«Technovation challenge-2018» қатысушылары мен жеңімпаздары
“Andromeda” командасы, 11 сынып оқушылары, жетекшісі – Дуйсекеева Б.М.
Серикова Жансая
Кенесбай Нурай
Алибек Маржан
Мырзахметова Айзат
Абжан Мадина
“OYLA” командасы, 11 сынып оқушылары, жетекшісі – Аким А.Б.
Минсизбаева Асем
Турдыбаева Молдир
Жолымбетова Молдир
“Veni.Vidi.Vici.”, 12 сынып оқушылары, жетекшісі – Акшабаев Е.К.
Абдезова Айша
Турарова Салтанат
Дуйсенбекова Анель
Пишанова Нейла
Нургалиева Асель
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.