Тараздық НЗМ оқушыларының зерттеу жұмыстары Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда үздік деп танылды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.03.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының зерттеу жұмыстары Ресей астанасында өткен «Языкознание для всех» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда екі жүлделі орынға ие болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Языковой портрет представителей различных профессий» секциясының үздік жұмысы ретінде Исламбек Сариевтің жобасы танылды. Қазылар алқасының мүшелері оқушының жоғары дайындық деңгейін, кәсіби көзқарасы мен оның жұмысының жаңалығын атап өтті.

Юлия Хан мен Әлия Маратова өз жұмыстарын «Профессиональная терминология» секциясында ұсынды. Олардың зерттеу нәтижесінде жарық көрген «Словарь феминитивов» атты жұмыстары қазылар алқасының ерекше қызығушылығын тудырған. Жоба 3 орынға ие болды.

Қазылар алқасының жеке жүлдесін Сапармұрад Агарысов пен Әйгерім Ищанованың «Язык рекламы как средство манипулирования» атты жобасы алды. Жұмыс нәтижесінде олар «Как составить рекламный текст» онлайн-қосымшасын жасаған.

Конференцияның бірінші күні дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда оқушылар белгілі лингвист ғалымдармен тең дәрежеде тіл дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Тараздағы НЗМ оқушылары Амина Нұрланбекқызы, Исламбек Сариев және Әйгерім Ищанова сол күні ұйымдастырылған лингвистикалық ойындардың жеңімпаздары атанды.

Жеңімпаздарды байқауға дайындаған жетекшілері, мектептің орыс тілі мұғалімі Галина Станишевскаяның еңбегін де ерекше атап өткен жөн.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку