Мәскеудің Королев қаласында өткен «Созвездие-2019» Жалпыресейлік олимпиадасының екі алтын және қола медалі Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушыларына бұйырды.
Балалар мен жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының Жиырмасыншы Бүкілресейлік «Созвездие-2019» олимпиадасының алтын медаль иегерлері Дарина Мұхамеджанова мен Диас Көшербай атанса, қола жүлдені Файми Зуфаров жеңіп алды. Сонымен қатар, аталған оқушылар республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
– Диас жобасымен бір жыл бойы айналысты. Оның жұмысын Ресейдің ғарыш саласындағы жетекші мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады. Әр түрлі конструкторлар мен инженерлерден жобаны жақсарту жөнінде құнды кеңестер алды, – деп атап өтті алтын жүлде иегерінің ғылыми жетекшісі Владимир Корчагин.
Дарина мен Файмидің жетекшісі Инна Аксенованың айтуынша, бұл үлкен жетістікке оқушылар ең алдымен өздерінің күш-жігері мен еңбегінің арқасында қол жеткізген.
Файми және Дарина өз жобаларын «Жерді сақтаймыз» номинациясы бойынша ұсынып, онда табиғи ортаның өзгеру дәрежесіне сапалық және сандық бағалау жасап, сондай-ақ оның жағдайын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізген.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.