Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қантардан 2024 жылғы 10 ақпанға дейін Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты: 12.00 -13.00-ге дейін Кешенді тесттер 2024 жылғы 28-29 наурыз күндері өтеді |
|||
Өту мерзімі | Тестілеу | Тесттің нәтижесі | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі |
28 наурыз 2024 жыл |
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті: – Математика – Сандық сипаттамалар – Жаратылыстану |
Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады | Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады. |
29 наурыз 2024 жыл |
Тілдік тест: – Қазақ тілі – Орыс тілі – Ағылшын тілі |
Зияткерлік мектепке келу күні мен уақытын брондау
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды сақтау мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.
Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.
Онлайн брондау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу (веб-сайттардың тізімі төменде көрсетілген);
- «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
- «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
- Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;
- Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
- Брондауды растау;
- Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.
Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:
Тараз ФМБ, Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266
Байланыс: 8 (7262) 99-98-56, trz.nis.edu.kz
Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына қабылдау мақсатында конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткердің заңды өкілі келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш (жүктеу) беру;
2) Сауалнама (жүктеу) толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясының талабы бойынша заңды өкілдер үміткердің азаматтығын растайтын құжатты ұсынуы міндетті.
4) Үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет.
Орта білім беру ұйымдарының 7– сыныбын толық аяқтаған үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныбына қайта оқу үшін үміткерлік құқығы берілмейді. Бұған білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының білім беру сыныптарынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушылары кірмейді;
5) Бағалау шкаласы мен білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының бағалау шкаласынан және бағдарламасынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер үлгерімі туралы табельге (бағалау транскрипті) қоса оқитын мектебінің бағалау шкалалары мен бағдарлама мазмұны түсіндірілген хатын тіркейді;
6) Көлемі 3х4 см. үміткердің 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фототүсірілімін орындау.
Фотосурет қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалады, бейтарап бет әлпеті және аузы жабық, онда бет фотосуреттің жалпы көлемінің 75% құрайды. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктерге жол берілмейді. Көздер ашық, айқын көрінеді және шашпен жабылмайды. Фотосуреттің көлемі кемінде 450 х 600 пиксель, ажыратымдылығы кемінде 600 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.
Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:
1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.
Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.