Жатақхана туралы

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Жатақхананың жалпы ауданы 1 419,2 м2 құрайды және 132 орынға есептелген. Барлығы 33 бөлме және әр бөлмеде 4 оқушыдан тұрады. Бөлмелер барлық заманауи талаптарға және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді. Әр бөлмеде жуынатын бөлме, душ, су жылытқышы бар. Әр қабатта жайлы тұрмыстық бөлме, теледидар, ноутбук, Интернет бар.

Тәрбиеленушілер денсаулық сақтау бойынша кешенді шаралармен, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етілген. Жеке медициналық блок та қарастырылған, оған: қабылдау кабинеті, емшара кабинеті және изолятор кіреді. Жатақхана тәрбиеленушілері тәулік бойы 3 медбикенің бақылауында.

Психологиялық қызметтің қызметкерлері жыл бойы тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына бейімделу және оқу процесі кезеңінде психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Жатақхана қызметі күн тәртібін қатаң сақтауды ескере отырып жүзеге асырылады. Күннің ұтымды режимі оқушылардың іс-әрекет өнімділігі мен белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жатақханада тұратын балалар үшін асханада күніне бес рет тамақтану ұйымдастырылған.

Жатақханада жоғары педагогикалық білімі бар тәрбиешілер жұмыс атқарады. Сабақтар аяқталғаннан кейін тәрбиешілер оқушыларды жатақханада қабылдап, асханада уақтылы тамақтануын, демалуын, таза ауада серуендеуін, бос уақытын сапалы өткізуін, мектептегі қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысуын, бекітілген жылдық жоспар бойынша тәрбие іс-шараларына атсалысуын, сондай-ақ күн тәртібін қатаң сақтауын ескере отырып жұмысты ұйымдастырады.

Жатақханада ата-аналармен бірлескен жұмыс жүзеге асырылады, бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына оң әсерін тигізеді.

Жатақханада тәрбиеленушілердің жатақханаға және үйге демалыс және каникул уақытында қауіпсіз келуін/кетуін қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку