Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дайана Бестерековаға әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орны Минерва университетінен (Minerva Schools at KGI) шақырту келді.
Жыл сайын аталған университетке түсу мүмкіндігін құжат тапсырған талапкерлердің 1-2% ғана алады. Солардың бірі – Дайана. Енді зияткердің 4 жыл ішінде 7 мемлекетте білім алып, саяхаттауға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, бірінші курсты Сан-Францискода оқыса, екінші курстан бастап Сеул, Гидробад, Буэнос-Айрес, Берлин, Лондон және Тайпейде оқитын болады. Оқу ордасының басты ерекшелігі осында. Студенттер ел аралап жүріп, білім мен тәжірибе жинақтайды.
– Минерва университеті әлемдегі ең төмен түсу пайызымен танымал. Шақыру қағазы келгенде, қатты таңқалдым. Бала күнімнен әлемді аралап, түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің куәсі болуды армандайтынмын. Сондықтан Минерва мен үшін сапалы біліммен қатар, баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік беретініне сенімім мол, – дейді Д.Бестерекова.
Дайана мектеп қабырғасында оқып жүріп, ерікті ретінде шараларға белсене араласа бастаған. Ол Санкт-Петербург қаласында өткен «Ұрпақтар диалогы», USAID ұйымдастырған халықаралық форумдарының белсенді қатысушысы. Бос уақытында оқушыларды олимпиадаға дайындап, хореграфиямен де айналысып үлгереді. Сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады.
Сонымен қатар, зияткер америкалық FLEX бағдарламасының түлегі. Бағдарлама аясында 100 еріктілік сағатын орындап, сертификатқа ие болған. Америкалық мектеп атынан жеңіл атлетика жарыстарына да бірнеше рет қатысқан.
Болашағын қоғамдық ғылымдар мен бизнеске арнағысы келетін Дайананың арманы биік. Шетелден оралған соң, елдегі әлеуметтік бизнес саласын дамытуды көздейді. Өзінен кейінгі талапкерлерге:
«Оқуға түсер алдында бір жыл бұрын университеттер тізімін жасап, олардың талаптары мен беретін мүмкіндіктерін зерделеп алу қажет. Бірден бірнеше университеттерге өтінім беруге қорықпаңыздар. Құжаттарды мұқият толтырып, жібермес бұрын бірнеше рет тексеріп алыңыздар. Ең бастысы биік мақсаттар қоя білу қажет», – деген ақыл-кеңесімен бөлісті Дайана.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.