Творчество

Наурыздың сыйы – «Елбасы Медалі»

Наурыз мерекесі қарсаңында Тараздағы NIS-тің бірден 10 оқушысы «Елбасы Медалімен» марапатталды. Беделді марапатқа жобаға қатысып, өз дағдылары мен мүмкіндіктерін толықтай аша білген зияткерлер лайық деп танылды. – Челленджге қатыса отырып, өзімізді жетілдіріп қана қоймай, мүддесі мен мақсаты ортақ жаңа достар таптық. Күн сайын физикалық жағдайымызды жақсартып, дағдыларымызды дамыттық, айналамыздағыларға барынша көмек бердік. Жоба қызықты әрі […]

Айананың жұмысы шығармашылық байқаудың Алтын медаліне ие болды

Тараздағы NIS-тің тоғызыншы сынып оқушысы Айана Айжарық Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Ұмытылмас желтоқсан» республикалық шығармашылық байқауында жеңіске жетті. Айананың теріден тігілген «Көкпар» атты туындысы байқаудың алтын медаліне ие болды. – Былғарыдан бұйымдар жасау – бұл уақытты пайдалы өткізіп қана қоймай, ескі затты жаңартып, оған екінші өмір сыйлауға мүмкіндік беретін шығармашылықтың бір түрі. Қазіргі уақытта […]

NIS Тараз оқушылары мен педагогтарының жаңа шығармашылық жетістігі

Тараздық Зияткерлік мектебінің оқушылары мен педагогтары өздерінің шығармашылық жетістіктерімен және табыстарымен таң қалдыруда. Қосымша білім беру мұғалімі Индира Губашеваның жұмысы «Rive de Reve/Берег мечты» Халықаралық қашықтық шығармашылық байқауында 1 орын алды. Өз тәлімгерінен үлгі алған Hand Craft қолөнер үйірмесінің  оқушылары дәл осы байқауға қатысып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқаудың «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша […]

Тараздағы NIS оқушысына «Елбасы медалі» табысталды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сания Қайнарқызы еліміздің ең ірі челленджінен «Елбасы медалін» алды. Салтанатты марапаттау облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы кезінде өтті. – Осы челленджге қатыса отырып, мен өзімді жетілдіріп қана қоймай, мүддесі мен мақсаты ортақ жаңа достар таптым. Ең алдымен, жоба өзіммен күресуге және өзімді жеңе білуге […]

Тараз қ. НЗМ оқушылары көпжанрлы байқауда екі Гран-при жеңіп алды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Qazaq Star dance music festival» Халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауының екі Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Мектеп хореографы Аян Әуесбектің жетекшілігімен жеті бозбаладан құралған «Reflection» би тобы танымал кавказдық «Лезгинка» биін орындады. Қазылар алқасы ұжымның үйлесімді қозғалысы мен кәсібилігін жоғары бағалады. Жас бишілер байқаудың «Хореография»номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие […]

Тараздық NIS оқушысы ел намысын қорғауға АҚШ-қа аттанады

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы Халықаралық Балалар өнер қоры (ICAF) ұйымдастырған өнер Олимпиадасына АҚШ астанасына шақырту алды. Санияның «Каратэ – менің жақсылық философиям» атты жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. NIS оқушысы олимпиаданың екінші кезеңінде Қазақстанның атынан қатысатын жалғыз делегат атанды.⠀ – Сурет салумен көптен бері айналысамын. Шығармашылық жұмыс арқылы […]

Арайлым Республикалық өнер байқауынан бірінші орынмен оралды

Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Арайлым Алтай ел астанасында өткен VII Республикалық өнер фестивалінен бірінші орынмен оралды. Байқауда Арайлым атақты «Титаник» фильмінің саундтрегі «My Heart Will Go On» әнін шырқаған. Естеріңізге сала кетсек, А.Алтай дәл осы байқаудың іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, бас жүлделі болған. Жеңімпаз оқушыны ән жарысына үйірме жетекшісі Бауыржан Баймаханбетов дайындаған. […]

Тараздағы НЗМ «Нұр» би ансамблі – VI Халықаралық өнер фестивалінің І дәрежелі лауреаты

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Нұр» би ансамблі 2020 жылдың 14-17 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен VI халықаралық «Grand premium» өнер байқау-фестивалінде І дәрежелі лауреат атанды. Мектептің би ұжымы сахнада қазақ халық билерімен өнер көрсетіп, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 20-дан астам би ансамбльдерінің арасында бірінші орынға ие болды. Хореографиялық өнер саласындағы байқау нөмірлерін еліміздің үздік концерттік […]

Республикалық өнер байқауынан бас жүлде

Тараздағы НЗМ 12 сынып оқушысы Арайлым Алтай VII Республикалық өнер фестивалінің іріктеу кезеңінде бас жүлдені жеңіп алды. Арайлым атақты «Титаник» фильмінің саундтрегі, Селин Дион репертуарындағы «My Heart Will Go On» әнін шырқап Гран-при иегері атанған. – Вокалға он екі жасымнан бері қатысып келемін. Ән айту менің хоббиім. Сүйікті ісіңмен айналысып жүріп, нәтижелерге қол жеткізу үлкен […]

ТАРАЗДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮРГЕНОВ САХНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сахнасында өнер көрсетті. Шара «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы» жобасының салтанатты жабылуына орай өтті. Он күнге созылған ерекше оқу бағдарламасына конкурстық кезеңнен сүрінбей өткен 50 дарынды оқушы қатысты. Солардың арасында Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Данияр Егеубай, Аружан Жақсылық, Мира Мырзахметова мен Зарема Тұрсынбаева бар. […]

БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары – Аделя Серикханова,  Милана Намазбаева және Ақнұр  Шерқан «Art Bazar – «Ұлы Жібек Жолы» қолөнер шеберлерінің Халықаралық байқауында жүлдегер атанды. Байқаудың бас жүлдесін Аделя Серикханованың «Ұлы Жібек жолы» атты шығармашылық жұмысы жеңіп алған. Милана Намазбаева ұсынған  «Жартастығы таңбалар» жобасы II дәрежелі дипломмен марапатталса, Ақнұр  Шерқанның «Елімнің дархан даласы» жұмысы […]

“Музыка бейбітшілік пен дамудың игілігі үшін”

Алматыда ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп “Музыка бейбітшілік пен дамудың игілігі үшін” байқауын өткізді. Байқау “ALMATY-YOUTH SPACE” жастар шығармашылық фестивалін өткізу аясында ұйымдастырылды. Алматы ЮНЕСКО-ның креативті қалалары желісінің музыкалық қаласы болғандықтан, бұл жобаның басты мақсаты қаланың музыкалық мәдениетін көтермелеу және жас азаматтарды тұрақты дамудың құралы ретінде музыка мен шығармашылық әлеуетін ашатын жаңа жобаларды […]

«Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы «Шерхан окулары» байқауының  «Шерхан Мұртаза мұрасы» ғылыми жоба бағыты бойынша 3 жүлделі орынға ие болды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық «II Шерхан Мұртаза оқулары» байқауын ұйымдастырды. Байқауға Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, 10 Е сынып […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку