Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушыларына 1 млн теңге сертификатын табыс етті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
06.10.2020
999
700
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев оқушылардың ғылыми жобаларының нәтижелерімен танысты.
Өңір басшысына ұсынылған ғылыми-зерттеу жобаларының арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауына ие болған COVID-19 клиникалық симптомдарын бақылау жүйесі бар. Бердібек Сапарбаев өзекті жобаға жоғары баға беріп, оның авторлары, 12-сынып оқушылары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімәлікке бір миллион теңгелік сертификат табыс етті.
Мониторинг жүйесі медициналық персоналдың коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған, нақты уақыт режимінде қашықтықтан тексерулер жүргізуге, бірден жүзден астам пациенттің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Жобаға оқу орнының физика пәнінен сарапшы-мұғалім Мирлан Джусамбаев пен бағдарламалық қамтамасыз ету маманы Максим Рыбалкин жетекшілік еткен.
Алдағы уақытта облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасы бойынша үлкен әлеуетке ие жүйе Тараздағы қалалық ауруханалардың бірінде сыналатын болады.
Облыс басшысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін облыстың жалпы білім беретін мектептеріне тарату жоспары да таныстырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку