«Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар форумы өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
05.01.2024
999
700

Мектебімізде Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашокеевтің қатысуымен облыстық жастар форумы өткізілді. Форум барысында түрлі жобалар таныстырылып, “Әулиеата жастары” энциклопедиясының тұсауы кесілді. Форум жас таланттардың ғылыми жобаларымен таныстырылымнан басталды.

Жас талапкерлердің үздік деп танылған 15 жобасы таныстырылды. Соның ішінде мектебіміздің оқушылары Қанат Тәжібай,Барысхан Қалдыбай, Амирхан Айдархан және Жангерей Бекбулат, Аймер Кошмамбетов жарыққа шыққан жобаларымен бөлісті. Жарыста топ жарып келген жобалар облыс әкімінің көңілінен шықты. Жобалардың іске асуына айрықша көңіл бөліп, қолдау білдіретінін атап өтті.Мектебіміздің айнасына айналған оқушылардың тың идеялары көптің көңілін елең еткізбей қоймады.

Форум барысында “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының жеңімпаздары мен ерекше көзге түскен жастарды марапаттау рәсімі өтіп, оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Көзге түскен жас таланттардың қатарынан зияткерлер де қалыс қалған жоқ.

Айрықша атап өтелік Фатима Бакирова “Үздік өнертапқыш” номинациясы бойынша “Әулие ата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығымен марапатталды.

Форум жас әншілер мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Іс-шараға белсенділер,ерікті жастар, қоғам қайраткерлері және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Форум жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку