NIS Тараз оқушылары – ТМД-ның үздік жас ғалымдары!

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
02.12.2020
999
700
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ТМД ғылыми білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды.
11-сынып оқушысы Нұркелді Ермекбай мен 12-сынып оқушысы Ардақ Әліпова 9 елден 1200 қатысушыны басып озып, халықаралық жобада жеңіске жетті. Бірінші орынға олардың «Жүйенің тепе-теңдігін сипаттауда Муавр формуласын қолдану» атты жобасы лайық деп танылды.
Оқушылардың ғылыми жетекшілері – математика пәнінің сарапшы-мұғалімі Рысбек Жүсіпназаров және физика пәнінің модератор-мұғалімі Ғазиза Жүсіпназарова, олар жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Оқу ордасының 12-сынып оқушылары Ұлдана Махмұт пен Алина Әбдікәрімованың «Шиналарды екінші рет пайдалану арқылы асфальтбетон сапасын арттыру мүмкіндігін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үздіктердің бірі болып танылды және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоба химия пәнінің мұғалімі Ғазиза Жүсіпназарованың жетекшілігімен дайындалды.
Жас ғалымдардың ғылыми еңбектері «II Халықаралық кітап басылымы» ғылыми мақалалар жинағында ISBN халықаралық коды беріле отырып жарияланғанын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, олар ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «Жас ғалым – 2020» төсбелгісімен марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку