Біз – өз ұлты мен қатар басқа ұлттардың тарихы мен дәстүрлерін бағалайтын, жарқын болашаққа өз үлесін қосу үшін ғаламдық мәселелерді түсініп, оларды жергілікті және жаһандық деңгейде шешу жолында біріге қызмет ететін жаһандық азаматтармыз.
Жаһандық азаматтық – адам құқықтарына, мәдениеттердің әртүрлілігіне және өзгерістерге құрметпен қарау.
Жаһандық азамат – өзгелермен әрекетке келуге ашық, білім мен дағдылардың алмасуы мен позитивті әрекеттесу арқылы жергілікті және жаһандық сұрақтар мен мәселелерді шешу мен әлемді жақсартуға өз үлесін қосатын адам.
Цифрлық азаматтық – желілік этикет ережелерін сақтай отырып, цифрлық ақпаратты күнделікті өмірде пайдалану, ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы жаңалықтарды бағалау және қолдану мүмкіндігі.
Сапалы білім беру және оқыту – бұл тиімді білім беру технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім алуы мен дамуына қолайлы, зияткерлік ортаны құруға бағытталған оқу үдерісі:
-оқу мақсаттарына жету;
-әдістердің тиімділігі;
-сындарлы кері байланыс;
-оқушылардың жұмылдырылуы;
-жайлы орта (қауіпсіздік, психологиялық жағдай).
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.