Ғылыми-зерттеу жобаларының Жалпыресейлік Олимпиадасының қорытындысы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
02.05.2018
999
700

Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Еламан Сұлтан балалар және жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының “Адам – Жер – Ғарыш” (“Созвездие”) ХІХ Жалпыресейлік Олимпиадасына қатысып, “Ғарыштық зертхана” номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.

Сұлтан көп реттік пайдалануға арналған екі ракетопланы бар ауыр жүк көтергіш зымырантасығыштың симметриялы конструкциясын құрастырды. Сондай-ақ, ол жанармайды үнемдеуге, пайдалы жүк массасын арттыруға, алыс ғаламшарларға ұшуға, Ай бетінен гелий -3-ті тасымалдауға, сонымен қатар, жер орбитасындағы “ғарыш қоқысы” мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін зымырантасығыштың ұшу және қону схемасын ұсынды.

Жыл бойы физика пәні мұғалімдерінің басшылығымен Сұлтан ғарыштық ұшу теориясын зерттеп, әдебиет көздерін талдады. Қосымша білім беру педагогы, әрі Сұлтанның ғылыми жетекшісі Владимир Корчагин оның  құрастыру қабілеті өте жоғары екендігін айтады. Осыған дейін де ол Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының VI Наурыз кездесулерінде үздік ракета үлгісін ұсынып, жүлделі бірінші орын алған.

Шығармашылық жарысқа Ресей және Қазақстан аумағынан 10 және 18 жас аралығындағы 300-ге жуық оқушы қатысты. “Созвездие” Олимпиадасының басымдықтарының бірі,   оқушылар ұсынған ең перспективалы жобалар ғарыш жағдайында сынақтар жүргізу үшін орбитаға жіберіледі.

Дәстүрлі Олимпиада 1999 жылдан бері Оқыту жүйелерінің халықаралық орталығы және Ю. А. Гагарин  атындағы Ғарышкерлерді даярлау Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығы жанындағы ЮНЕСКО Халықаралық кафедрасы бастамасымен жүзеге асырылуда.

Олимпиада мақсаты экологиялық білімді, сауатты эстетикалық талғамға ие, қоршаған ортаны қорғау шараларына белсенді араласуға ынталы 21 ғасырдың шығармашылық жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку