Тараз қаласының NIS оқушылары жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары атанды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
13.12.2020
999
700
Кеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туған елге тағзым-2020» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында ұсынылған жобалар мен шығармашылық жұмыстардың желілік байқауы аяқталды.
Қашықтық байқауында Туған өлкем – жұмақ мекен», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Ұлы Дала өркениеті – тарихи мұра», «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Селт еткізер, ерен ой», «Туған жер – тұғырым» номинациялары бойынша 200 жоба мен шығармашылық жұмыс ұсынылды.
Төрт күнге созылған байқау жеңімпаздарының қатарында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар.
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызының зерттеу жұмысы «Селт еткізер, ерен ой»,  номинациясы бойынша үздік деп танылды. Қазылар алқасының назарына Сәния жазушының көркем шығармашылығының бағыттарын жан-жақты сипаттайтын «Шерхан Мұртаза – қос қанатпен» тақырыбындағы өз зерттеуін ұсынды. Оқушы жобасына оқу ордасының өнер пәнінен сарапшы мұғалімі Елена Пак жетекшілік етті.
– Мен байқауға қатысуға шешім қабылдағанда, сөзсіз, Ш.Мұртазаны таңдадым, себебі оның шығармаларымен менің ата-анам да сусындап өскен. Оның өмірбаянын зерттей келе, жазушының өмірі мен шығармашылық жолын бір жұмыста жеткізу мүмкін емес екенін түсіндім. Сондықтан мен оның жазушылық қырын, журналисттік жолын және шығармашылығын көрсететін триптих құруды ұйғардым, – дейді Сания.
«Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» номинациясында екінші орынды тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Нұрай Наршибаева мен Әлия Анарбаеваның «Пандемиядан қорғану,  ақылды есік және оның негізгі ерекшеліктері» жобасы иеленді. Нұрай мен Әлия дене температурасын қашықтықтан өлшейтін құрылғы ойлап тапты.
– Біз жасаған ақылды есік байланыссыз сенсордан, Arduino микроконтроллерінен, температура дисплейінен және жарықдиодты шамдардан тұрады. Алақанды сенсорға қою арқылы дене температурасы туралы мәліметтер алуға болады. Егер адамның температурасы қалыпты болса, есік ашылады, дене қызуы жоғары болған жағдайда ол ғимаратқа кіре алмайды. Құрылғыны 1500-ден астам қызметкері бар «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты секілді үлкен өндіріс орындарында қолдану аурудың таралу қаупін азайтады деген тұжырым жасаудамыз, – дейді жас өнертапқыштар.
«Туған елге тағзым-2020» өлкетану-зерттеу экспедициясына Тараз НЗМ-нің 17 оқушысы қатыстып, 10 жоба жұмыстарын ұсынды.
Жеңімпаз оқушылардың байқауға ұсынған жобалары келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:⠀

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку