Cәуірдің 8 мен 13 аралығында Мәскеу қаласында В. И. Вернадский атындағы Халықаралық жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстары байқауы өтті. Биология пәні сарапшы-мұғалімі И. В. Аксенованың жетекшілігімен Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 оқушысы қатысып, “Жер туралы ғылым”, “Су айдындары туралы ғылым”, “Агробиология, агрохимия, өсімдіктерді қорғау”, “Табиғатты және қоршаған ортаны қорғау”, “Фармокология, биотехнология және азық-түлік химиясы” секциялары бойынша жұмыстарын ұсынды.
Әбжан Мадина, 11 сынып оқушысы:
– Мен байқауға қатысып, өз елімді таныстыру мүмкіндігін алғаныма өте қуаныштымын. Ресей мен Қазақстан өте тату ел, бұл тіпті біз сияқты жастардың деңгейінде де байқалады. Осы сапардан кейін менде ғылым әлеміне толық бет бұруға үлкен ынта пайда болды. Болашақтағы жоспарымда биологиялық жаңалықтар ашып, елімді жаңа деңгейге көтеру.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары ақтық кезеңге дейін, екі сырттай бағалаудан сәтті өтіп шақыру алған.
– В. Вернадский атындағы байқауға қатысып, үлкен тәжірибе жинадым. Өте қызықты тұлғалармен, ғалымдармен және сарапшылармен таныстым. Олар біздің жұмысымызды бағалап қана қоймай, ұсыныстар мен құнды кеңестер берді. Менің қорғаған жобам Тараз қаласы аумағындағы ауаның ластану деңгейін анықтауға арналған биоиндикаторларды зерттеу. Өйткені қаламыз атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың ондығына кіреді, – дейді Смат Айдана, 10 сынып оқушысы.
Зерттеу жұмысын “Жер туралы ғылым” секция бойынша қорғаған 11-сынып оқушысы Повстянко Андрей былай дейді:
– Мен қазіргі Қазақстан аумағында 300 миллион жылдар бұрын теңіз болғанын дәлелдедім. Оған Жамбыл облысы Кенбұрылтау аумағында табылған организмдер, палеонтологиялық іздер дәлел. Жоба барысында теңіз бен мұхитты зерттеуші ғалымдардың 20-дан астам еңбектері оқылып, сарапталды. Біз Қазақстан терең тарихы бар, мәдени мұраға бай ел екендігін дәлелдедік.
Конкурс қорытындысы бойынша Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің барлық қатысушылары жеңімпаз атанып, келесі нәтижелер көрсетті:
Абжан М. – I дәрежелі диплом;
Повстянко А. – I дәрежелі диплом;
Кулжанов Д., Тримов А. – I дәрежелі диплом;
Смат А. – I дәрежелі диплом;
Жуматаева Т., Тлеукулова Е. – I дәрежелі диплом;
Зуфаров Ф. – I дәрежелі диплом.
Оқушылардың ғылыми жетекшісі Аксенова И. В. жүлдегерлердің зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткені үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат алды.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.