Мектептің бірден алты командасы «Тенгри-географ» жеңімпазы атанды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
13.11.2019
999
700

Жақында өткен жалпықазақстандық «Тенгри-географ» олимпиадасында Тараздағы Зияткерлік мектептің бірден алты командасы жүлделі орындарға ие болды.

Пәндік байқаудың бас жүлдесін «Денали» командасы жеңіп алса, «Сақтар» командасы – 1  орынды,  «Көне Тараз»,  «Олимп», «Тарлан», «Эльбрус» командалары 2 орындарды иемденген. Мектеп намысын қорғаған жетінші топ «Материктер» «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталған.

– Балалар олимпиада сұрақтарының қызықты әрі қиын болғанын атап өтті. Тағы бір ерекшелігі оның онлайн түрде бір мезетте өтуі. Қатысушылардың рейтингі бірден көрінеді, яғни олимпиада қызу бәсекелестік жағдайында өтеді, – дейді «Сақтар», «Көне Тараз» және «Материктер» командаларының жетекшісі, география мұғалімі Жақсыбек Сүлейменқұлов.

Дәстүрлі байқауға Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары үзбей қатысып келеді. Мәселен, өткен оқу жылында да мектептің алты командасы осы олимпиадада бақ сынап, бас жүлде мен  1, 2 орындарды жеңіп алған болатын.

Осы жылы жеңімпаз атанған «Денали» және «Эльбрус» командаларына география мұғалімі Мария Гочияева жетекшілік етсе, екінші орыннан көрінген «Олимп», «Тарлан» топтарын олипиадаға георгаф Нұрғиса Шырышбаев дайындаған.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку