Тараздағы NIS оқушысын Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті оқуға шақырды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.12.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Балнұр Ибраш Абу-Дабидегі (БАӘ) Нью-Йорк университетінің студенті атанғаны туралы ресми хаттан білді, ал грант көлемі бір оқу жылы үшін 77 000$ құрады.

– Мектеп бітіргеннен кейін мен оқуымды Абу-Дабиде жалғастырып, химия мен биологияны тереңірек зерттейтін боламын. Университет менің осы ЖОО-дағы оқуымды, Әмірліктерде тұруымды және басқа да ілеспе шығыстарымды толық қаржыландырады. Сондай-ақ, Нью-Йорк, Аккра, Берлин, Буэнос-Айрес, Флоренция, Лондон, Мадрид, Париж, Прага немесе Шанхайдағы New York University жаһандық университетінің кез-келген қаласында 2 семестр оқуға мүмкіндігім бар, – деп хабарлады Балнұр.

Оның айтуынша, университетке іріктеу өте қатал болған, оқушы қыз түрлі интернет-сауалнамалар мен тесттер тапсырып, портфолио әзірлеп, көптеген эсселер мен жеке сұхбаттардан өткен. Бірінші кезеңнен кейін (құжаттарды тапсыру және эссе жазу) Балнұр кандидаттық демалыс күндеріне шақырылды, алайда эпиджағдайға байланысты университет өкілдерімен кездесу виртуалды түрде өткен. Барлық кезеңді сәтті аяқтаған зияткер 10 мың ниет білдірушінің ішінен суырылып шығып NYUAD-тың болашақ 150 студенттерінің тізіміне енген.

– Өз мектебіме осындай мүмкіндіктер үшін, ұстаздарыма және ата-аналарыма зор алғысымды білдіргім келеді. Өйткені, олар менің даму мен өсу жолымда көп күш жұмсап, кез-келген бастамама қолдау көрсетті, – деп бөлісті ол.

Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті – әлемдегі ең таңдаулы университеттердің бірі, онда Айви лигасының көптеген колледждеріне қарағанда үміткерлерді қабылдау саны өте төмен. Университет сонымен қатар жеті жыл ішінде 14 Родс стипендиаттарын шығаруымен танымал, бұл әлемдегі кез-келген университетке қарағанда бір студентке артық көрсеткіш.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку