Оңтүстік Кореяның стартаперлері Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының жаңалығына қызығушылық танытып, оны жүзеге асырудағы шығындарды өз мойындарына алуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяның Lives’talk командасы жануарлардың жайылымдағы орнын бірнеше секунд ішінде анықтайтын заманауи құрылғы жасап шығарды. Осылайша, мамандар малды іздеуге 5-6 сағатқа жуық уақыт жұмсайтын қазақстандық фермерлердің мәселесін шешті. Алайда құрылғыны тестілеу кезінде оның автономды қызмет ету мерзімі төмен екендігі анықталған.
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Бекнұр Қалмаханбет пен Дәурен Тенелбаев аталған құрылғының жетілдірілген үлгісін ұсынды. Олар GPS Tracker-ді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін желілік генератор құрастырды.
– Жоба аясында балалар екі жылға жуық еңбек етті. Бірнеше жылдан кейін олардың еңбегі отандық фермерлерге үлкен пайда әкеледі деп үміттенемін, – дейді оқушылардың ғылыми жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Мирлан Джусамбаев.
Осы жазда Бекнұр мен Дәурен Lives’talk командасымен бірге Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бірнеше ферма аумағында құрылғыны сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
– 1 метрге дейінгі дәлдікпен онлайн мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар, жануар мойнынан қарғыбау шешілген жағдайда иесінің смартфонына SMS хабарлама келеді. Зерттеу нәтижелері GPS Tracker-ді ауыл шаруашылығында ғана емес, жабайы жануарлардың миграциясын зерттеуде де пайдалануға болатындығын көрсетті, – дейді жас өнертапқыштар.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Байқоңырда өткен «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарында оқушылардың жұмысы екінші орынға ие болды.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.