Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты

         2020 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020-2021 оқу жылында оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсының қорытындысы қарастырылды.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына 20 082 үміткер қатысты. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 12 834 үміткер жіберілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 2020-2021 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 952 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып,
9 882
 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді.

Грант иегерлері –жуктеу

Резервтік тізім –жуктеу

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку