Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Биология» және «Экология» секциялары бойынша XV Балтық ғылыми-инженерлік зерттеулер байқауы қазылар алқасының дипломдары мен арнайы наградаларын иеленді.
Дамир Усибалиев, Дарина Лысакова және Дарина Мухамеджанованың жобалары III дәрежелі дипломдармен және конкурстың ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, Дарина Мухамеджанова, Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек мұғалімдер мен бизнес-қазылар алқасы сыйлығының лауреаттары атанды. Байқауда бақ сынап, жақсы таныстырылым жасағаны үшін Файми Зуфаровқа сертификат табысталды.
– Маған байқау атмосферасы өте ұнады. Әр елдің жас ғалымдарымен танысып, ең маңызды инновациялық компаниялардың басшыларымен сөйлесуге мүмкіндік алдық. Әсіресе, танымал ресейлік кәсіпкер Cognitive Technologies компаниялар тобының президенті Ольга Анатольевна Усковамен кездескеніме өте қуаныштымын, – деп атап өтті Дарина Лысакова.
Жас зерттеушілер өз жобаларын қазылар алқасына, сарапшыларға, ресейлік бизнес өкілдеріне, журналистерге, ғылымға қызығушылық танытатындардың барлығына таныстырып, олардың жұмысы ғылыми жаңалық екенін және мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстарға негізделгендігін дәлелдей алды.
– Менің жобам Оңтүстік Қазақстан топырағының жоғары сортаңдануы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жұмысыма инвестиция тарту мақсатында патенттеу және бизнес-жоспар құру сатысындамын, – деді Дарина Мұхамеджанова.
Оқушылардың ғылыми жетекшілері Инна Аксенова мен Камилла Лишанлаева ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Время науки» қорының президенті И. Чистяковтан алғыс хат алды.
– Біздің жұмыс көкөніс дақылдарының вирусын жылдам диагностикалауға бағытталған. Байқау кезінде белгілі ресейлік генетик Олег Тиходеевтен кері байланыс алдық. Өз жобамызды генетик кеңестернің негізінде одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек.
Балтық ғылыми-инженерлік байқауы Ресейдегі мектеп оқушыларына арналған ең ірі ғылыми жарыстардың бірі. Жастардың ғылыми фестивальдерін қазіргі заманғы дәстүрге сай ұйымдастыратын және ғалымдар мен университет профессорларының қатаң ғылыми бағалауынан тұрады.
Айта кету керек, байқаудың финалдық кезеңінде Ресейдің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Белоруссия, Украина, Қазақстан, Мордовия және Сербиядан 600-ге жуық оқушы өз жаңалықтарын және өнертабыстарын ұсынды.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.