Француздық ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.05.2018
999
700

Мектебіміздің қоржыны тағы бір жүлделі орынмен толықты. Француздық ғылым, мәдениет және өнер академиясы «Euro Media Star Group» ұйымдастыруымен сәуір айының 25 күні «The big progress»  атты қашықтықтан Халықаралық балалар жобалары байқауы өтті. Экология мәселесін қарастырып, «Spirogyra балдыры арқылы шайынды суларды тазарту» жобасымен 10 сынып оқушысы Айжарық Мөлдір Жомартқызы II дәрежелі лауреат атанды.

Мөлдір Комитеттің шешімімен шілде айында Халықаралық деңгейде өтетін жеңімпаздарды марапаттау шеруіне шақырылды. Бір жыл бойы балдыр өсіріп, мектеп зертханасында зерттеу жүргізген жас биолог бүгінде еңбегінің жемісін көруде.

Оқушыны ғылымға баулып, жетекшілік еткен биология пәні мұғалімі Култасова Сериккул Утеновнаның үлесі зор. Мөлдірге және мектебіміздің өзге де жас ғалымдарына болашақта сәттілік тілейміз!  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку