Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары халықаралық IELTS емтиханынан жақсы көрсеткіштерге ие болды. Тілдік тестілеуге жалпы саны 119 оқушы қатысып, олардың ішінде 8 түлек – 8,0 бал, 33 түлек – 7,5 бал, 34 өрен – 7,0 бал, 24 бітіруші – 6,5, 17-сі – 6,0 және 3 оқушы 5,5 ұпай жинаған.
Орташа бал көрсеткіші өткен жылғымен салыстырғанда 6,5-тен 6,9-ға көтерілген. Мектеп директорының орынбасары Алия Жусанбаева емтиханға дайындық жайында өз ойымен бөлісті:
– Оқушылардың академиялық тілдік дағдыларын дамыту мектептің даму жоспарындағы басым бағыттардың бірі. Өткен жылдардағы тәжірибені саралай келе 2019 жылдан бастап, IELTS халықаралық емтиханына дайындау жүйесіне өзгерістер енгіздік. Атап айтқанда, жергілікті және шет елдік мұғалімдер көмегімен оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған «Speaking club» құрылды. Сынама емтихандарының нәтижесі талданып, 4 дағдымен бағдарлы жұмыс жасалды.
Мөлдір Баймахан 8,0 бал жинаған сегіз оқушының бірі. Ол жақсы ұпай алуын дайындық барысында өзін тек ағылшын тілді контентті пайдалануымен байланыстырады.
– Сабаққа қатысты ресурстарды да, кітаптар мен фильмдерді де тек ағылшын тілінде көруге ұмтылдым. Бұл маған тілді үйренумен қатар, оның қолданыстағы ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әр дағды үшін стратегиялық тәсіл табуға тырыстым, бірнешеуін сынап көріп, өзіме сай келгенін қолдандым. Мұғаліммен бірлесіп үнемі практика жасап отырдық, – дейді 12-сынып оқушысы Мөлдір Баймахан.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.