«Жас әл-Фараби» Республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
18.02.2020
999
700

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  «Жас әл-Фараби» VII Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар байқауында Тараздағы НЗМ-нің 7 сынып оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.

Аяулым Серікбайдың «Нарша Қашағанов шығармаларындағы Абай Құнанбаевтың мораль философиясы» тақырыбында ұсынған ғылыми зерттеу жүмысы байқауда III дәрежелі дипломға лайық деп танылған. Сондай-ақ, 7 сынып оқушылары Аружан Жолан, Ұлдана Медербек, Меруерт Қайыржанқызы, Сабина Еламанның ғылыми зерттеу жұмыстары қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алып,  алғыс хаттармен марапатталған.

– «Жас әл-Фараби» республикалық оқушылардың ғылыми жобалар байқауы 7 сынып оқушылары үшін үлкен тәжірибе алмасу алаңы бола алады. Оқушылар республикамыздың әр аймағынан келген 7-10 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарымен танысып қана қоймай,  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің қыр-сырына үңіле алды, – деген ойымен бөлісті жас ғалымдардың жетекшісі, қазақ тілі мұғалімі Айжан Иманбекова.

Конференция нәтижесінде мақалалар жинағы шығып, Тараздық оқушылардың ғылыми-зерттеу материалдары аталған жинақта жарық көрді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку