Оқушылар арасындағы республикалық үздік шығарма байқауы «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.11.2018
999
700

2018 жылдың 4 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тұңғыш Президент Қоры және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК:

  • «N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы;
  • «Шапағат» өнертапқыштардың онлайн-байқауы;
  • «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса» атты оқушылар арасындағы үздік шығарма онлайн-байқауларын ұйымдастырды.

Аталған байқаулардың мақсаттары мен міндеттері оқушылар арасында зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау, патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту және экономикалық жағынан қолайлы және гүлденген мемлекетті құруда өнертапқыштық пен патенттеудің маңыздылығын түсіндіру болып табылды.

«Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса» шығармалар байқауына Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Юлдуз Халмухамедова және Аружан Кенешбекова да қатысты. Шығарма тақырыбын олар «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап және жасампаз бол» деп атады.

– Эсседе біз өнеркәсіптегі металл конструкциясы зауытының қалдықтарынан магнитті ұнтақ алу туралы жобамыз туралы жаздық. Эссе арқылы біз жобамыздың жүзеге асырылуы әлемдік тәжірибеде магнитті ұнтақты пайдалану перспективасына байланысты елге үлкен пайда әкелетінін көрсеткіміз келді. Бізде үлкен мүмкіндіктер бар және оларды еліміздің және әлемнің дамуы үшін дұрыс пайдалану маңызды, – деді шығарма авторларының бірі Аружан.

2018 жылдың 31 қазанында Юлдуз Халмухамедова мен Аружан Кенешбекованың жұмысы комиссия мүшелерінің онлайн-дауыс беру нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Байқаудың маңыздылығын атап өткен 11 сынып оқушысы Юлдуз: «Бұл байқау біздің жобамызды қорғауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар онымен арықарай айналысуға ынталандырды. Менің ойымша, бұл байқаудың мақсаты да сол болды. Марапаттау рәсімінен кейін бізге Әділет министрі Марат Бекетаевпен кездесу ұйымдастырылды. Ол бізге арманды іске асыру жолында сенімділікпен еңбек ету туралы құнды кеңестер берді. Біз ұйымдастырушыларға берілген мүмкіндік үшін өте ризамыз».

Байқауға Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарынан 8-11 сыныптар арасында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 500-ден астам шығарма ұсынылды. Байқауға қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
  • материал беру ерекшелігі;
  • авторлық ұстанымның ерекшелігі;
  • таңдалған тақырыпты ашу тереңдігі.

Республикалық жастар байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Назарбаев орталығында өтті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку