TEDx

2012 жылдың қаңтар айында Назарбаев Зияткерлік мектептері WikiBilim қоғамдық қорымен «TEDx NIS» атты жаңа жобаны бастады. Бұл клубтың негізгі жұмысы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттырып, топпен жұмыс жүргізу арқылы ортаторлық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Қызылордадағы зияткерлік білім ордасында мұндай үйірме осы жылдан бастау алып, бүгінде жүзге жуық шығармашыл жастардың басын қосып игі шаралар атқаруда.
«TEDx NIS» жобасы аясында өткізілген алғашқы шара конференция түрінде өтті. Қатысуға ниет білдірген оқушылар түрлі тақырыптар төңірегінде 15 минутты қамтитын арнайы баяндамалар жасап, көпшілікке ұсынды. Қоғам назарын аударатын көлік кептелісінің адам өмірімен байланысы, күнделікті өмірде көзге көрінбейтін ұсақ ақшалардың маңыздылығы мен құндылығын түсіндіру, Заманауи еліктеушілік секілді тақырыптарды талдап, оқушылар арасында кеңінен талқыланды.
«TEDx NIS» клубы жұмысының тағы бір ерекшелігі «таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алып, этикалық, танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылап, құндылықтар мен мақсаттарды қалыптастыру, оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту секілді дағдыларды қалыптастыру, сол арқылы оқушының тұлға ретінде дамуына үлес қосу.Жоспар бойынша мұндай конференциялар апта сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Мақсат – ғылыми көзқарастар негіздерін қалыптастырып, қоғам алдында сөйлеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге үйрету.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку